Асқар Жакулин атындағы қайырымдылық қоры

Жақсы істің бір бөлігі бол!
Қордың алдына қойған басты мақсаты мен міндеті - мемлекеттік медициналық мекемелерді осы заманғы медициналық жабдықтармен өтеусіз негізде қамтамасыз ету.
Соңғы жаңалықтар
Вечер
"ЖАҚСЫ ІСТІҢ БІР БӨЛІГІ БОЛ!" қайырымдылық кештер
06.06.2022
«Францияға саяхат» француз музыкасының қайырымдылық концерті
Ары қарай оқу
Тамшы мейірім
Тамшы мейірім
01.06.2022
Аcқар Жакулин атындағы жеке қайырымдылық қоры балаларға қуаныш сыйлады
Ары қарай оқу
Футбол
Футбол
18.05.2022
«Тамшы мейірім» жобасын қолдау мақсатында дәстүрлі «Асқар Жакулин кубогы» шағын футболдан қайырымдылық турнирі өтті.
Ары қарай оқу
Қор жетістіктері
121 млн
2016-2021 жыл аралығында «Жаңарту» бағдарламасы бойынша мед. мекемелер жабдықталды
12 млн
«Олимпиада» жобасына қаржыландырылды
~ 3 млн
«А. Жакулин кубогы», «Тамшы Мейірім»
35
2016-2021 жылдары «Өмір» бағдарламасы бойынша адамға көмектестік
Қордың құрылтайшысы туралы

Асқар Жакулин 1965 жылы 7 – қарашада ҚХР-ның Үрімші қаласында туылған. Балабақша мен мектепті қытайша бітіріп, 1984 жылы Қытайдың ең таңдаулы жоғарғы оқу орны – Шинхуа университетіне түсіп, бұл университетте білім алған алғашқы қазақтардың бірі атанды. Студенттер арасындағы пікірсайыстарда шешендігімен көзге түскен ол, 1989 жылы аталған оқу орнын үздік бітірген соң сол университетте еңбек жолын бастайды. Екі жылдан соң Еуропаға кетіп, Германияға барып тұрды. 4 жылдан соң оралып, Бейжіңде құрылыс компаниясын құрып, ірі ғимараттар тұрғызды. Ол курстасы Чжан Вэйге (қазіргі аты – жөні Жайна Жакулина) үйленіп, нәрестелі болатын кезде Бейжіңді және ондағы бизнесін тастап, отбасымен Тәуелсіз Қазақстанға бір жолата қоныс аударды. 2002 жылы «Ас–Ай» компаниясын құрып, оны қуатты қаржылық мекемеге айналдырды. Асқар Жакулин терең білімді, еліне, ұлтына, мемлекетіне деген сүйіспеншілігі шексіз, іскер ұйымдастырушы болған еді. "Ас-Ай ЛТД"  және "Минметалс Казахстан"  компаниялары Қазақстанның экономикасына  үлкен үлес қосып,  Қытайдың «SANY», «SHANTUI», «HOWO», «WEICHAI», «SHACMAN», «HELI» ірі зауыттарымен және Жапонияның «AIRMAN» зауытының  Қазақстандағы ресми  дистрибьютерлердің көшбасшысы болды. Компания  жыл сайын  1000-ға жуық арнайы техникаларды сатып, клиенттерге қосалқы бөлшектермен бірге сервистік  қызметін көрсетіп, 19 жылда Қазақстандағы  беделді  кәсіпорынға айналды. Асқар қазақ халқын шексіз сүйіп, көп адамдарға көмектескен меценат еді. ҚХР-ның Бейжің қаласындағы қазақ студенттеріне көмек жасаған тұлға. Қытайдан келген қандастардың оқуға түсуіне, жұмысқа орналасуына, үй сатып алуына көптен көп көмек жасап, қол ұшын берді. 2012 жылы Асқар Шығыс Қазақстанда Жакула Күшікұлы атындағы химия-биология пәндерінен  мектеп аралық олимпиада құрды. Асқар 2016 жылы ақпан айында Бейжің қаласында қайтыс болды. Марқұмның денесі Алматы қаласына жеткізіліп, Кеңсай зиратына жерленді. Асқар қайтыс болғаннан кейін жары Чжан Вэй (Жайна Жакулина) 2016 жылы 14 - наурызда Асқар Жакулин атындағы жеке қайырымдылық қорын ашты. Асқар Жакулин бұл дүниеден кеткенімен оның махаббаты, сүйіспеншілігі  мәңгі біздің  жадымызда! 



Қордың серіктестері