Өмір

Өмір (2016-2021)

Жоба мақсаты: қатерлі ісік ауруына шалдыққан балаларға отандық және шет ел ауруханаларындаемдеу немесе ота жасау ақысын көтеру. Өмір сыйлау!

Қазақстанның медицинадағы жетістіктеріне қарамастан, кейбір емдеу мен хирургиялық ота тек шет елде мүмкін. Осындай жағдайларда, қор 5 жыл аралығында 35 мұқтаж балаларды Индия, Ресей, Түркия, Швейцария, Корея елдеріне емге жіберіп, жолақысын көтерді. Яғни Қазақстанда 12, шет елде 23 адам емделді. 2016-2021 жылдар аралығында «Өмір» жобасына 28 миллионнан астам теңге жұмсалды.