Қамқор

Қамқор (2020-2021)

2020 жылы бүкіл әлемге таралған індет кезінде, қор жаңа жобаны бастады.

"Қамқор" I: сәуірдің 1-24 аралығында 2 млн тг қаржымен, Алматы қаласы мен қала сыртындағы көмекке мұқтаж 150 отбасына бірінші қажеттіліктегі азық-түліктерді сатып алу, бір-бір қораптан жинау өз қызметкерлеріміздің ынтасымен жүзеге асырылды. Алмалы ауданының әкімшілігі арқылы 20 отбасына, «Лига Волонтеров» атты қоғамдық ұйымы арқылы 61 отбасына, Алматы қаласының «Нұр Отан» партия өкілдері арқылы 24 отбасына, «Ас-Ай» компаниясының жігіттері арқылы 45 отбасына жеткізілді.

"Қамқор" II:  маусымның 10-22 аралығында 905.354 тг қаржымен, Алматы қаласының аудандары мен қала сыртындағы көпбалалы 60 отбасын азық-түлікпен қамтамасыз етіп,  отбасындағы 235 баланың саны, жынысы мен жастарын ескере отырып, жеке таңдалған жоғары сапалы жаздық киім-кешек, әр отбасына футбол добы мен скакалка берілді.

"Қамқор" III: 2020-2021 жылдар аралығында ҚХР, ШҰАА, Іле-Қазақ автономиялы облысынан гуманитарлық көмек ретінде қорға келген 201 мың дана қорғаныс бетперделерін сыйға тарту арқылы коммерциялық емес, мемлекеттік бюджеттік халықтың мүддесі үшін жұмыс істейтін ұйымдарға берілді.