Үздік дәрігер

Үздік дәрігер (2016-)

Жобаның мақсаты: шетелге талантты медицина қызметкерлерін жіберу немесе ауылды мекендердегі мамандарды қалаларға білімін арттыруға шақыру.

2016 жылдың 5-15 желтоқсан аралығында С.Ж. Асфендияров атындағы ҚҰМУ «Ақсай» университеттік клиникасының оториноларингологы Медеулова Айгүл Рахманалиқызы Қытай Халық Республикасы Үрімші қаласында орналасқан Синь-Цзян университетінің бірінші емханасында он күндік іс-сапары алғаш рет «Үздік дәрігер» бағдарламасы арқылы жүзеге асырылды. 2018 жылы Алматы қаласындағы ҚР ДСМ "Педиатрия және балалар хирургиясы" ғылыми орталығының базасында Ресейден келген шетелдік мамандардың қатысуымен, көзішілік қатерлі ісік-ретинобластоманы ағзада сақтаулы емдеуге арналған "ретинобластомасы бар пациенттерді жедел емдеу" тақырыбы бойынша мастер-класс өтті. Қор Алматыға арнайы шақырылған дәрігерлердің бірі, анестезиолог Л.А.Мартыновтың қаламақысын төледі. Мастер-класс аясында елімізде алғаш рет ретинобластомасы бар балаларға селективті интраартериялық химиотерапия (СИАХТ) жүргізілді және төрт балаға операция жасалып, жоба өз жалғасын алды.