Жаңарту

Жаңарту (2016 - )

Жоба мақсаты: заманауи медициналық қондырғылармен денсаулық сақтау ұйымдарын толықтыру. Балалар денсаулығын сақтау және емдеу сапасын жақсарту.

Жоба 2016 жылдың 5-ші мамыры Алматыдағы «Ақсай» университеттік клиникалық балалар ауруханасында тірек-қимыл жүйелерін қалпына келтіру үшін, еңбекке қабілеттілігі шектеулі балалардың алдын алу үшін медициналық емдеу қондырғыларын сыйға тартумен бастау алды. 2017 жылы Алматыдағы «Ақсай» университеттік клиникасына сыйға тартылған Smartxide HS лазер нұрымен емдейтін медициналық қондырғысы, 2018 жылы Семей онкологиялық диспансеріне сыйға тартылған 3D емдеу аппаратының провайдері-үстелі қордың демеушілігімен Қазақстанда алғаш рет іске қосылды.