Асқар Жақулин атындағы қор жобаларын дамытуда: Семей қаласына жұмыс сапарының нәтижелері
13.11.2024 жыл
2024 жылдың 13–15 қарашасы аралығында Асқар Жақулин атындағы қайырымдылық қорының өкілдері — қор директоры Гүлнар Сейдолла мен жоба менеджері Айбек Шакуров 2025 жылға арналған жаңа бастамаларды жоспарлау мақсатында Семей қаласына жұмыс сапарымен барды.
«Олимпиада» жобасын дамыту
Сапардың басты міндеттерінің бірі – химия және биология пәндері бойынша Жәкуля Күшікұлы атындағы жыл сайын өтетін Олимпиаданың мәртебесін «Республикалық» деңгейге көтеру мүмкіндігін талқылау болды. Естеріңізге сала кетейік, Олимпиада 12 жылдан бері өткізіліп келеді. Осы уақыт ішінде ол аудандық деңгейден аймақтық деңгейге дейін өсіп, 9–11 сынып оқушылары арасында жоғары беделге, танымалдылыққа және үлкен сұранысқа ие болды.
Олимпиаданың ауқымын және маңыздылығын кеңейту стратегиясы аясында оны Жәқуля Күшікұлының тарихи отанына – Семей қаласына көшіру туралы шешім қабылданды. Осы мақсатта Қор өкілдері Абай облысының «Дарын» өңірлік ғылыми-әдістемелік орталығы және білім басқармасымен кездесіп, қажетті инфрақұрылым мен материалдық-техникалық базасы бар-жоғын талқылады.
Қор қызметкерлері «Дарын» орталығының өкілдерімен бірге олимпиаданы өткізу үшін үш ықтимал орынды қарады:
Экономикалық лицей
№42 мектеп-интернат
Шоқан Уәлиханов атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған ер балалар лицей-интернаты «Жас Ұлан»
Орындарды таңдаудағы негізгі критерийлер: 200–250 адамды орналастыруға арналған жатақхананың болуы, кең асхана, мәжіліс залы болуы және заманауи техникалық жабдықталуы. Сонымен қатар, білім беру орындарының материалдық-техникалық базасын жақсарту үшін қайырымдылық көмек көрсету мүмкіндіктері де қарастырылды.
«Жаңарту» жобасы: медициналық мекемелерге қолдау көрсету
Сапар барысында «Жаңарту» жобасына да ерекше назар аударылды. Қор өкілдері Семей қаласындағы хоспистің және Ұржар ауданының №2 аудандық ауруханасының басшыларымен кездесіп, олардың жабдыққа қатысты сұраныстарымен танысып, ағымдағы қажеттіліктерді анықтады.
Хоспис басшылығымен кездесуде мекеме жақында Дүйсенбі Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғары медициналық колледжінің құрылымына енгені белгілі болды. Бұл студенттерге тәжірибеден өту мүмкіндігін ашады. Дегенмен, бірқатар өзекті мәселелер анықталды: ғимаратты жөндеу, кеңейту және хоспис науқастарына арналған арнайы жабдықтардың жетіспеушілігі.
Сапар нәтижелері
Сапар барысында келесі нәтижелерге қол жеткізілді:
1) Абай облысының білім басқармасы және «Дарын» орталығының қолдауымен 2025 жылғы Олимпиаданы Семей қаласында өткізу келісілді.
2) Іс-шараны өткізуге арналған әлеуетті орындар, олардың қажеттіліктері және қорға көрсетілуі мүмкін көмек айқындалды.
3) 2026 жылда Олимпиада Республқалық деңгейіне ұсынылатыны келісілді.
4) Семей қаласындағы хосписке аудит жүргізілді: мекеменің мәселелері мен негізгі қажеттіліктері, атап айтқанда, ғимаратты жөндеу және жабдықтау қажеттілігі анықталды.
Бұл жобалар білім беру мен денсаулық сақтау салаларын дамытуға одан әрі үлес қосу мақсатында жалғасын табады.
Еламан Мед медициналық орталықта "Ашық есік күні"
08.10.2022 жыл
Асқар Жакулин атындағы қайырымдылық қордың ұйымдастыруымен халықты өз денсаулығына жауапкершілік танытуға тарту мақсатында, сондай-ақ "Еламан Мед" медициналық орталығына 5 жыл толуына орай 8 қазан күні сағат 09:00-ден 15:00-ге дейін «Ашық есік күні» сәтті өтті. Қабылданған әрбір пациент «Еламан Мед» медициналық орталығының білікті дәрігерлерінің (невропатолог, гастроэнтеролог, кардиолог+ЭКГ, гепатолог, остеопат, дерматолог, терапевт) кеңесін және УДЗ (УЗИ –жүрек, іш қуысы, гинекологиялық, қалқанша безі, сүт бездері, қуық, урологиялық) түрлерін тегін өтіп, ризашылықтарын білдірді. Ең бастысы, «Еламан Мед» медициналық орталығы мамандардың қабылдау құнын өз мойнына алса, УДЗ-дің және гинекологтың шығындарын «Компания Ас-Ай ЛТД» ЖШС-гі өтеусіз төлеп берді.
Осы іс-шараға ат салысқан «Еламанның» қызметкерлеріне естелік заттар мен түскі ас берілсе, Демеушілік көрсеткен Мединицалық орталықтың бас дәрігері Разбай Дастан мырзаға және «Компания Ас-Ай ЛТД» ЖШС-не алғыс хат табысталды! Айтар болсақ, сол күні 116 адам әр түрлі мамандардан кеңес алып, 58 адам 2-3 түрлі УДЗ-ге түсті. Жалпы құны (гинеколог және УДЗ) 489 075 (төрт жүз сексен тоғыз мың жетпіс бес) теңгені, әр маманның (невропатолог, гастроэнтеролог, кардиолог+ЭКГ, гепатолог, остеопат, дерматолог, терапевт) қабылдауының шығыны 591 425 (бес жүз тоқсан бір мың төрт жүз жиырма бес) теңгені құрады.
Аурудан жазылудың емін іздегенше, аурудың алдын алу жолын ізде дегендей, еліміз аман, деніміз сау болсын!
05.04.2022 жыл
Шығыс Қазақстан облысындағы іссапар қортындысы
2022 жылдың 05 сәуірі мен 07 сәуірі аралығындағы іссапар барысында Қор директоры Сейдолла Гүлнар мен директордың көмекшісі Садуақасова Ақмарал Шығыс Қазақстан облысындағы медициналық мекемеге тексеру жүргізді, атап айтқанда:
- Ақсуатмекеніндегі Тарбағатай орталық аудандық ауруханасына
- Семей қаласының облыстық онкологиялық диспансеріне
- Абай ауылындағы Абай аудандық ауруханасына
- 2018 жылы Тарбағатай орталық аудандық ауруханасынаАвтоматты гематологиялық анализатор ХР-300 комплектілі (ЕУ/230В) Sysmex, Медициналық аспиратор (ОМ-1), қолмен және автоматты режимде ЭКГ жазатын он екі арналы электрокардиограф (ЭК12Т-01-РД), вакуумды сорғыш. (Вакус 7208), Функционалды үш секциялы төсек (KFV-2)тапсырды
1.2. 2021 жылы қор 4 функционалды 2D ультрадыбыстық аппаратын орнатты. Орнатылғаннан бері 2000-ға жуық пациент тексерілгеніне көз жеткізді. Тексеру кезінде ФГДС (Видеогастроскопия) қажеттілігі анықталды – Гастроэнтерологиялық, шамамен құны 25 000 000 теңгеден басталады.
- Семей қаласының облыстық онкологиялық диспансері – 2017 жылы құны 8 000 000 теңгеден асатын керек-жарақтары бар төсек жанындағы мониторлар, 2018 жылы құны 25 000 000 (жиырма бес миллион) теңге тұратын үстел-провайдертабысталды. Қазіргі уақытта диспансерге лимфа дренажды пневмомассаж аппараты қажет, шамамен құны 4 500 000 теңге, бұл талшықты түзілістердің тез сорылуына ықпал етеді.
Сондай-ақ тамаша жаңалық бар, 2021 жылдың 13 сәуірінде Семей қаласындағы Ядролық медицина және онкология орталығының базасында заманауи технологияларды қолдана отырып, онкологиялық ауруларды диагностикалау және емдеуге арналған Қазақстандағы тұңғыш Ядролық медицина орталығы ашылды. Бұрын шетелге шығып, ем қабылдауға мәжбүр болғанпациенттерқазіргі уақытта барлық ем-шараларыаталған орталақта жүргізілуде. ⠀⠀
- Абай аудандық ауруханасы– 2017 жылы қор ақпараттық технологияларды, атап айтқанда 6 ноутбук пен 5 көп салалы принтер орнатты. Аурухана директоры Бақытжан Ережепбайұлы ауданның шалғай орналасқан аймақтарынданауқастарды орнында тексеретін УДЗ, СМАД, ХОЛЛТЕРсияқты портативті құрылғылардың қажеттілігін дәлелдеді.
Ендігі, қор қамқршыларлырың шешімін күтеміз.
14.03.2022 жыл
2022 жылдың наурыздың 14 күні – Біздің қорымызға 6 жыл толды. Жакулин Асқар Әнуарұлын сағына еске аламыз. Әрине, жобаларымыз өз жұмысын атқаруда. Ас-Ай компаниясының демеушілігімен көптеген ауруханаларға қажетті медициналық жабдықтарды орнатып, пандемия кезінде қайырымдылық іс-шараларымызды іске асырдық. Біздің игі істеріміз «Жақсы істің бір бөлігі бол!» ұранмен жалғасуда.
Қызылкесік ауылындағы "дәрігерлік амбулаторияда" су және кәріз жүйесі тартылды
22.11.2021 ж.
Қайырымдылық қордың қолдауымен Қызылкесік ауылындағы "Дәрігерлік амбулаториясына" 10 дана көлемінде темір сөрелері (тумбочка) раковинамен қамтамасыз етіліп, кәріз және су жүйесі тартылды.
Асқар Жакулин атындағы қордың шарапаты тиген тағы бір іс-шара
16.10.2019 ж.
Асқар Жакулин атындағы қордың шарапаты тиген тағы бір іс-шараны тілге тек еткенді жөн көріп отырмыз. Қор ШҚО облысында «Біз біргеміз» атты қайырымдылық қорымен бірлесіп, бір отбасыға баспаналы болу қуанышын сыйлауға атсалысты. ШҚО облысында «Біз біргеміз» қайырымдылық қоры жылда бір үй салып, баспанасы жоқ көпбалалы отбасына немесе тұрмыс жағдайы төмен жандарға көмек ретінде салынған үйді сыйға береді. Көпшілікке үлгі боларлық осы бір тамаша дәстүрге биыл Асқар Жакулин атындағы қор өз үлесін қосып, үйдің құрылысына «Компания Ас-Ай ЛТД» 1 млн теңге қаржы аударды. Міне, жақында, яғни 10 қазан күні Тарбағатай өңірінде жаңа үйдің салтанатты ашылуы болды. Аудан тұрғындары үшін осындай қуанышты жиында ұлт жанашыры болған Асқардай абзал азаматтың жары Жайна Жакулинаға "Мейірімді ана" аталымы бойынша арнайы сыйлық (естелік мүсін) берілді. Ауданның азаматтары атсалысып, жұртшылық жұмылып салынған үй баспанаға мұқтаж жандарға беріледі.
Би Боранбай атындағы орта мектепте Асқар Жакулин атындағы биология кабинеті ашылды
26.09.2019 ж.
2019 жылдың қыркүйек айы. Асқар Жакулин атындағы қор қайырымдылық сынды қадірлі іспен айналысқан бірнеше жылдың ішінде талай жастың білімге ұмтылуына, біраз баланың денсаулығының түзелуіне, басқа да ізгі істерге мұрындық болды. Қордың атқарылған әрбір жақсы ісі көпшілікке жариялы түрде жүргізіліп келеді. Белгілі кәсіпкер, меценат Асқар Жакулиннің көзі тірі кезінде қолға алған шаралары ол кісі о дүниелік болған соң да іске асып жатыр. Айталық, Асқар мырза 2012 жылы ең алғаш рет ШҚО Тарбағатай ауданы, Қызылкесік ауылы Би Боранбай атындағы орта мектебінде өзінің атасы Жәкулә Күшікұлы атындағы химия-биология пәндерінен олимпиада ұйымдастырған болатын. Бұл шара осы уақытқа дейін жалғасын тауып келеді. Яғни, жыл сайын ШҚО облысында Жәкулә Күшікұлы атындағы химия-биология пәндерінен олимпиада өткізу дәстүрге айналған. Енді міне, жақында ШҚО Тарбағатай ауданы, Қызылкесік ауылы Би Боранбай атындағы орта мектебінде Асқар Жакулин атындағы биология кабинеті ашылды. Қыркүйектің 26-шы жұлдызында ШҚО Тарбағатай ауданы, Қызылкесік ауылы Би Боранбай атындағы орта мектебінде Асқар Жакулин атындағы биология кабинетінің ашылу салтанаты өтті. Бұл – мектеп ұжымының марқұм Асқар Жакулинге деген зор құрметі деуге болады. Аталған шараға Асқар ағамыздың ағалары Шаймұрат Кәкенұлы, Алмас Ахметбекұлы, Гүлнар Сейдолла Алматыдан арнайы барып, балаларға жаңа оқу жылына сәттілік тіледі. Биология кабинеті күрделі жөндеуден өткен, заманға сай жиһаздармен жабдықталған, кабинеттің өзі балалардың пәнге деген қызығушылығын арттыра түседі. Мұндай жаңашылдыққа оқушылар риза болды. Кабинеттің барлық шығынына «Компания Ас-Ай ЛТД» 1 170 000 теңге бөліп, демеушілік етті. Сондай-ақ Асқар Жакулин атындағы қор кабинетке принтер мен 7-11 сынып аралығындағы оқушылар үшін биология пәнінен электронды оқулықтар сыйға тартты. Мектептегі мерекелік іс-шарадан кейін Қызылкесік ауылында марқұм Асқар ағамыздың әруағына Құран бағыштап, ас берілді. Би Боранбай атындағы орта мектептің ұжымы Асқар Жакулиннің жары Жайна апайға деген алғыстарының шексіз екенін білдіріп, тілектерін жаудырды. Аудан әкімі мен мектеп басшылығы «Компания Ас-Ай ЛТД» алғыс хат табыстады.
Осы тұста Асқар Жакулин атындағы қордың шарапаты тиген тағы бір іс-шараны тілге тек еткенді жөн көріп отырмыз. Қор ШҚО облысында «Біз біргеміз» атты қайырымдылық қорымен бірлесіп, бір отбасыға баспаналы болу қуанышын сыйлауға атсалысты. ШҚО облысында «Біз біргеміз» қайырымдылық қоры жылда бір үй салып, баспанасы жоқ көпбалалы отбасына немесе тұрмыс жағдайы төмен жандарға көмек ретінде салынған үйді сыйға береді. Көпшілікке үлгі боларлық осы бір тамаша дәстүрге биыл Асқар Жакулин атындағы қор өз үлесін қосып, үйдің құрылысына «Компания Ас-Ай ЛТД» 1 млн теңге қаржы аударды. Міне, жақында, яғни 10 қазан күні Тарбағатай өңірінде жаңа үйдің салтанатты ашылуы болды. Аудан тұрғындары үшін осындай қуанышты жиында ұлт жанашыры болған Асқардай абзал азаматтың жары Жайна Жакулинаға "Мейірімді ана" аталымы бойынша арнайы сыйлық (естелік мүсін) берілді. Ауданның азаматтары атсалысып, жұртшылық жұмылып салынған үй баспанаға мұқтаж жандарға беріледі.
Туған күн
07.11.2018 ж.
2018 жылдың қараша айы. «Жақсының өзі өлсе де, аты өлмейді» демекші тектінің тұяғы, асылдың сынығы Асқар Жакулиндей азаматтың тарихи отаны қазақ жеріне деген махаббаты мен теңізге тамған тамшыдай болса да, төккен тері, адал еңбегі көпшіліктің жадында. Абзал азамат көзі тірі болса, биыл 53 жасқа толар еді. Алайда Жаратқанның жазғанына амал бар ма? Асқар Жакулин 2016 жылдың ақпанында ауыр дерттен көз жұмды. Ол соңғы демі үзілгенше елін-жерін сүйіп өтті, Отанына оралып, жеке кәсібін дөңгелетті, қайырымдылықпен айналысты.
Ең алғаш өзінің қайырымдылық ісін Асқар Жакулин атасы Жәкула Күшікұлының рухына арнап, Шығыс Қазақстан облысындағы Қызыл кесік ауылына қомақты қаржы бөлуден бастап еді. Ол 2013 жылы ШҚО Тарбағатай ауданы Би Боранбай атындағы орта мектебінде жоғары сынып оқушыларының арасында химия-биология пәндерінен олимпиада ұйымдастырған болатын. Кейін Асқар мырза өмірден озғаннан кейін оның игі істерін Асқар Жакулин атындағы қор қолға алып, олимпиаданы жыл сайын өткізіп тұруды дәстүрге айналдырды. 2017 жылы Жәкула Күшікұлы атындағы аудандық олимпиада ШҚО Тарбағатай ауданы Ақсуат ауылындағы К.Нұрбаев атындағы орта-мектепте өтті. Ал биыл бұл білім жарысы облыстық олимпиада дәрежесіне көтерілді. Белгілі кәсіпкер, ұлт жанашыры Асқар Жакулинді барша Қызыл кесік ауылы құрмет тұтады. Өйткені ол ата-бабасы туып-өскен, еңбек еткен ауылға барынша жақсылық жасап, шарапатын тигізуге тырысты. Оның мақсаты өсіп келе жатқан ұрпақтың білімді, ізденімпаз болуына жағдай жасау еді. Міне, биыл, яғни, 2018 жылдың 3 қарашасында Қызыл кесік ауылындағы Би Боранбай мектебі өзінің мерейлі 90 жылдық тойын атап өтуде. Мектеп ұжымы осы торқалы тойға Асекең құрған «Ас-Ай» компаниясының қызметкерлерін, Жайна Жакулина құрған Асқар Жакулин атындағы қайырымдылық қорының мүшелерін арнайы шақырды. Бұл айтулы шараға «Ас-Ай» компаниясының бөлім бастығы, Асқар Жакулин атындағы қайырымдылық қорының қамқоршысы Мұқаметәлі Әлнұр арнайы барып, компания мен қордың атынан мектепке құны 560 мың теңге тұратын интерактивті тақтаны табыстады. «Балалардың жан-жақты дамуына, электронды құралдармен жұмыс істеп үйренулеріне, білімдерінің тереңдеуіне жағдай жасау мақсатында осындай сыйлық жасауды жөн көрдік» дейді қор ұжымы. Асқар Жакулиннің арманы да сол, жас ұрпақтың болашағының жарқын болуы еді. Бүгінде Асқардың арманын жүзеге асыру үшін аманатын арқалаған жары, балалары, әріптестері, бауырлары мен достары аянбай еңбек етуде. Білім ордасының 90 жылдық мерейтойына орай Асқар Жакулиннің жары Жайна Жакулина мектеп ұжымына құттықтау хат жолдады. «Ас-Ай» ұжымының өздерінің білікті басшысы болған Асқар мырзасыз жұмыс істеп жатқанына 2 жылдан асты. Былтыр ақпан айында марқұмның қайтыс болған күніне орай жары Жайна Жакулина ас берген еді. Биыл «Ас-Ай» ұжымы 7 қарашада, Асқар Жакулиннің туған күнінде үлкен ас берді. Асқа жиналған көпшілік марқұмның рухына құран бағыштап, оның жарқын бейнесін, жайдары мінезін еске алысты. Асқар Жакулиннің жақын достарының бірі Алмас Ахметбек досына, оның жары Жайнаға арнаған жырларын оқыды. Асқар Жакулиннің достары Асқармен өткізген қызықты кезеңдерінен естеліктер айтты. «Ас-Ай» компаниясының бас есепшісі Атыраубаева Айна, бас менеджері Үсенбаев Бағлан секілді Асқар Жакулинмен қызметтес болған жандар ол кісі жайлы жүрек тебірентер естеліктерімен бөлісті. Асқар Жакулинге арнап берілген асқа келген марқұмның достары Ахметов Қайрат пен Құсаинов Ардақ өз тараптарынан Асқар Жакулин атындағы қайырымдылық қорына 1 000 000 теңге қаржы аударды. Бұл қаржы ауыр дертке шалдыққан балалардың еміне жұмсалмақ.
Айнұр Нұрсабет
Алматыда медицинадағы өзекті мәселелерді арналған ашық есік күні өтті
21.10.2018 ж.
2018 жылдың қазан айының 21 жұлдызы. Қазіргі кезде дертіне шипа таба алмай, емханалардың табалдырығын тоздырып жүрген жандар аз емес. Күнделікті күйбең тірліктен қолдары тимей, ауырса да, дәрігерге көрінбей жүре беретіндер де жетерлік. Ал енді біреулер ауырған баласын қандай дәрігерге қарату керектігін нақты біле алмай, жетектеп алып, түрлі медициналық мекемелердің дәлізінде кезек күтіп жүреді. Сөйтіп жүріп дерттерін асқындырып алатындар да жоқ емес. Асқар Жакулин атындағы қайырымдылық қоры құрылғалы осындай дерттері дендеген талай науқастың айығуына, дұрыс ем алуына, еліміздегі бірнеше медициналық мекеменің қажетті құрылғылармен жабдықталуына жағдай жасады. Ал бұл жолы қор қызметкерлері медицинаның түрлі саласы бойынша дәрігер мамандардың басын қосып, Алматыдағы «Ас-ай» компаниясының ғимаратында Ашық есік күнін өткізді. Қазан айының 21-і күні Алматы қаласындағы «Ас-ай» компаниясының ғимаратында Асқар Жакулин атындағы қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен «Медицинадағы өзекті мәселе» деген тақырыпта қайырымдылық ашық есік күні өтті. Игілікті шараға Ақсай университеттік клиникасы, «Мақсат медикал» орталығы, «Шығыс медицина орталығы», «Ел аман мед», «Интермед-М» және тағы басқа да орталықтардан білікті дәрігерлер, мен мамандар шақырылды. Қаладағы түрлі медициналық мекемелер мен орталықтардан келген дәрігерлер 40-тан астам науқасты қабылдап, тегін кеңестер берді, өз қабылдауларына шақырып, ары қарай ем алуларына мүмкіндік жасады.Асқар Жакулин атындағы қайырымдылық қорының директоры Гүлнар Сейдоллақызының айтуынша, медицинаның түрлі саласындағы мамандардың басын қосып, бір жерге жинаудағы мақсат – дәрігерлік көмек қажет болып жүрген жандарға жеңілдік жасау. Яғни, осындай Ашық есік күніне келген адам бірнеше дәрігерге қаралып, кеңес алуына мүмкіндігі бар.
Невропотолог маманға қаралуға келген Айжан атты бойжеткен өзінің жол апатынан кейін басы жиі ауыратынын, аяқ-қолы ұйып қалатынын айтты. Оны невропотолог маман Асқар Дәкенұлы мұқият тексеріп, қажетті дәрі-дәрмектерін жазып, кеңестерін берді. Сондай-ақ Айжанның анасы мен әпкесі де бірге келіп, аллерголог, гинеколог мамандарының қабылдауында болды. Ашық есік күніне Алматыдағы Ақсай университеттік клиникасынан да біраз маман келді. Солардың ішінде білікті отолоринголог Айгүл Рахманқызы балаларды қабылдап, қазіргі күз кезіндегі тұмау ауруларының асқынуына, мұрын, тамақ, құлақ ауруларының алдын алуға қатысты құнды кеңестерімен бөлісті.
Қайырымдылық қоры ұйымдастырған ашық есік күніне «Ел аман мед» орталығынан біраз мамандар келді. Сондай-ақ Шығыс медицинасымен емдейтін Ерлан Қазезұлы, Мақсат Әбдіқадір – медицина ғылымдарының магистрі, ҚХР инемен емдеу қоғамының мүшесі, Ересектер және балалар невропотологі, жоғары санатты дәрігер, Разбай Дастан, терапевт, Сейт Жәмилә – УДЗ маманы, Асқар Дәкенұлы – невропотолог, буын, остеохондроз ауруларын емдейтін жоғары санатты дәрігер, Патигул Утай – проктолог, Ыдырыс Нұртау – ревматолог, Қауан Айгүл – гинеколог мамандар науқастарды қабылдап, әрқайсысы өз саласына қатысты кеңестер берді. Жоғары санатты невропотолог маман Асқар Дәкенұлының айтуынша, қазір неврологиялық күрделі аурулардың ең көп кездесетін түрі – ми қан-тамырлары ауруы, яғни инсульт, инфаркқа шалдығушылар саны қазір жиілеп кетті. Оның салдары өте қиын, мұндайда адамдардың өліп кетуі де мүмкін немесе сал болып қалады, отбасына көп ауыртпалық салып жатады, медициналық жағынан біршама шығындарға алып келеді. Осындай аурулар жылдан жылға көбейіп келеді әрі жасарып барады. Мұндай ауруларға шалдығуға негізгі себептердің бірі дұрыс тамақтанбау, майлы, тәтті, зиянды тағамдарды жиі пайдалану, қан тамырларының бітеліп қалуына, май басуына, тамырлардың эластикалық күйінің бұзылуына алып келеді. Инсульт, инфаркты қоздыратын гипертензия, қант диабеті секілді аурулар. Осы аурулар өте қауіпті, айталық қант диабеті қан тамырларын талқандайды, жіңішке қан тамырлары бітеліп қалады. Білікті маман Патигүл Утай Ашық есік күніне келгендердің біразының қант мөлшерін, қант қысымын өлшеп, анықтап берді. Сондай-ақ ол қант диабеті, гипертензия, басқа да дерттердің алдын алу үшін не істеу керек, аурудың алғашқы белгілері біліне бастаған кезде дер кезінде қандай ем қабылдау қажет екенін де бүге-шігесіне дейін түсіндіріп берді.
Тағы бір айта кетерлігі, дәрігерлердің айтуынша, біздің елімізде аса қатерлі емес аурулардың ішінде омыртқа аурулары кейінгі кезде жиі кездеседі екен. Әсіресе, белдегі, мойындағы грыжа, протрузия секілді аурулар жас талғамай үлкен адамдарда да, жастарда да, тіпті оқушыларда да кездеседі. Адамдардың ауыр көтергенде омыртқаларына, беліне күш түсіруі, шалт қимылдағанда сүйектеріне зиян келтіруі бұған себеп болып жатады. Мысалы, жүк тиеуші боп жұмыс істейтіндер беліне арнайы корсеттерді кимей, зақымдап алады. Сондай-ақ үнемі қозғалыссыз отырып жұмыс істейтіндерде, кейібр жүкті әйелдерде осы аурулардың белгілері жиі байқалады.
Асқар Дәкенұлы, невропотолог, буын, остеохондроз ауруларын емдейтін жоғары санатты дәрігер: – Қазір жаңа туған нәрестелерге, жалпы кішкене балаларға бас сүйек ішінің қысымы деген диагноз өте жиі қойлады. Бірақ меніңше, екінің біріне бұл диагнозды қоя беру дұрыс емес және бәріне бірдей дәрелерді де жазып беріп жатады. Бірақ дәрілердің көбінің пайдасы аз. Сондықтан осы диагнозды қою үшін елімізде бір стандарт керек. Бүгінде дәрігерлер басқа диагнозды нақты анықтай алмаса, балалардың бәріне бас сүйек ішінің қысымы деп жазып беруін дұрыс деп есептемеймін. Сондай-ақ қазіргі кезде балалар арасында ДЦП, яғни сал ауруы, өте жиі кездеседі. Бұл ДЦП-ның негізгі себебі – инфекция. Басқа да факторлар бар. Туыт кезінде балаға зақым келуі. Дегенмен әйел адам жүктілікке дейін инфекцияның бар-жоғын анықтап, емделіп, жүктілікті жоспарлағаны жөн. Жалпы неврологиялық аурулардың бүгінде түрі де, себебі де өте көп. Сондықтан сақ болу керек, баланы уатамыз деп қатты шайқауға болмайды. Осындай қарапайым ережелерді ұстанған да артықтық етпейді.
Өз кезегінде гинеколог маман Айгүл Қауан да бірнеше қыз-келіншекті тексеріп, кеңестерін айтып, білгенімен бөлісті. Бүгінде елімізде бала сүйе алмай жүрген әйелдердің саны күн санап көбейіп кеткені рас. Айгүл ханымның айтуынша, әйел де, ер адам да өз денсаулығына жауапкершілікпен қарағанда ғана дені сау ұрпақты дүниеге әкеле алмақ. Қытайда білім алып, сол жақта тәжірибе жинақтаған маманның Қазақстанға келгеніне 3 жылдан астам уақыт ішінде 18 келіншек Айгүл ханымнан ем алып, бала сүю бақытына ие болды.
Қайырымдылық мақсатта өткен Ашық есік күні медицина қызметкерлеріне біраз адам көкейінде жүрген сұрақтарды қойды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шараны жиі өткізіп тұрудың медицина орталықтары үшін де, ең бастысы қарапайым адамдар үшін де аса маңызы зор. Болашақта мұндай игі шара әлі де жалғасын таппақ. Жоғарыда айтып өткеніміздей, Асқар Жакулин атындағы қайырымдылық қоры үнемі игілікті істердің бастамашысы болып жүреді. Мұқтаж жандарға мейірім шапағатын төгіп жүрген қор қызметкерлерінің еңбегі өлшеусіз. Осынау жиынға арнайы келген ақ халатты абзал жандар марқұм Асқар Жакулиннің жары Жайна Жакулинаға, қор директоры Гүлнар Сейдоллақызы бастаған ұжымға алғыстарын білдіріп, жұмыстарына табыс тіледі. Естеріңізге сала кетейік, белгілі меценат, қазақтың ардақты азаматы Асқар Әнуарұлы Жакулин 2016 жылдың ақпан айында ауыр дерттен көз жұмған еді. Марқұмның соңында жары мен екі баласы қалды. Асқар Жакулин атындағы қайырымдылық қорын жары Жайна Жакулина құрған болатын. Осы уақытқа дейін қайырымдылық қоры қыруар іс атқарып келеді.
Айнұр Сенбаева
Алаштың ардақты азаматы Асқар Жакулиннің асы өтті
02.02.2018 ж.
Жүрегі елім деп соққан отансүйгіш, жомарт, еңбекқор азамат Асқар Әнуарұлы Жакулиннің өмірден өткеніне де екі жыл өте шығыпты. «Таулар алыстаған сайын биіктейді» демекші, Алаштың ардақты азаматы Асқар өмірден өткенімен, оның қалдырған ізі өшпейді. Өйткені оның ошағының отын сөндірмейтін аяулы жары Жайна, ұрпақтары Айдана мен Айқұт бар, көзі тірісінде бастаған ісін жалғастырып келе жатқан ұжымы, туған-туысы, ел-жұрты бар. 2-ақпан күні Асқар Әнуарұлының қайтыс болған күніне орай жары Жайна Жакулина және өзі негізін қалаған «Ас-ай» компаниясының ұжымы марқұмның рухына құран бағыштап, ас берді.
Бүгінде кемеңгер басшы, аптал азамат, қамқор әке, аяулы жар болған Асқар Жакулинды жақындары сағынышпен еске алады. Оның өнегелі өмірін үлгі тұтып, бастаған әрбір ісін жалғастыруға тырысады. Асқар Жакулин дүние салғаннан соң да оның ізбасарлары өздерінің ынтымағы жарасқан, жұдырықтай жұмылған ұжым екендерін дәлелдеп келеді. Бүгінде «Ас-ай» компаниясы жасымай ісін жалғастыруда. Жайна ханымның Асқарға деген махаббаты мен сағынышы, ұжымға деген қамқорлығы, ізгі ниеті, жауапкершілігі, іскерлік ұстанымдарымен қатар жарының есімін халық жанында қалдыруға деген құлшыныстары, Асқардың ісін жалғастырсам деген ынтасы «Ас-ай» компаниясын биіктерге жетелеуде. Бүгінде компания Асқар Жакулиннің мақсат еткен мұраттарына жол тартуда. Асқа жиналған қауым Асқар Жакулин жайлы әдемі естеліктерімен бөлісті. Асқардың атасы Жәкула Шығыс Қазақстан облысында туып-өскен адам. Жәкуләмен анасы Бәтима Құлмағанқызы Шыңжаңда әйгілі адамдар болды. Асқар тегіне тартқан, тегінің тектілігін танытқан тұлға болатын. Жәкула Күшікұлындай арыстың ұрпағы Асқар Жакулин Қытай жерінде дүниеге келіп, Германияда білім алған. Қазақстанға келіп қызмет еткен ол «Ас-ай» компаниясын құрған. Қытайдағы ең алғашқы «Ауыл» сайтының негізін қалаушы. Көптеген ғылыми, мәдени жобаларға демеушілік жасаған арда азаматтың артында бір ұл, бір қызы қалды.Енді есіл еріміздің асыл қасиеттерін айту арқылы ғана сағынышымызды басамыз дейді оның жақындары мен етене араласқан достары. Қысқа ғана ғұмырында өлшеусіз мол өнеге қалдырып кеткен азамат соңғы демі үзілгенше елім деп өтті. Күш-қуатының барында елінің игілігі үшін қызмет етті. Қазақстанның тәуелсіздігін өзінің бақытына балаған абзал жан өзінің елге оралуын өмірдегі үлкен жеңісім деп білді.
Қазақтың келіні Жайна Жакулина: «Қазір Асқардың рухы менің жаныммен бірігіп кеткендей, мен өзімді кейде Асқардай сезінемін» дейді. Ол жақында жарына арнап «Шексіз махаббат» атты естеліктер жинағын да шығарды. Сондай-ақ Асқар Әнуарұлы қайтыс болғаннан кейін құрылған «Асқар Жакулин атындағы қайырымдылық» қоры науқас балаларға қаржылай көмектесіп, көпшіліктің алғысына бөленіп келеді. Сондай-ақ қордың ұйымдастыруымен 2017 жылдың сәуір айында өткен «Жәкула Күшікұлы атындағы 9-11 сынып оқушылары арасында биология және химия пәндері бойынша V аудандық олимпиадасы» биылдан бастап облыстық олимпиада дәрежесіне жетті. Естеріңізге сала кетсек, Асқар Әнуарұлы Жакулин 2016 жылдың ақпан айында ауыр дерттен көз жұмды. Марқұмның топырағы торқа болып, жаны жәннатта шалқысын деп тілейміз. Асқар Жакулиннің рухына арналған құран марқұмның қабірін нұрландырсын!
Асқаралы таудай Асқар Әнуарұлының асы
22.01.2017 ж.
Алматы қаласының төрінде орналасқан "Қабылдау үйінде" қазақтың бір туар десек артық болмайтын ұлы Асқар Әнуарұлының 2017 жылы 22 қаңтар күні 410-ға жуық адамға жайылған асы қазақтың салты бойынша жоқтаумен басталды. Аста ол кісінің өмірі мен оның жомарттығы, адалдығы, қайраткерлігі туралы бірнеше қысқа фильмдер көрсетілді. Оның ішінде "Компания Ас-Ай ЛТД" ЖШС-нің қызметкерлерінің бастамасымен түсірілген 18 минуттық фильмде беріліп, бүкіл келген адамдардың өмірге деген құштарлығын оятып, Асқар ағаның қандай адам болғандығын ұғынып, көңілдерін босатып, көзіне жас алмаған жан қалмады. Марқұм Асқар Әнуарұлының достары мен Ас-Ай Компаниясының клиенттері және басқа да көңіл айтып келген жарандар Асқар ағамыздың туыс-бауырлары мен Жайна Жакулинаға жұбаныш сөздер айтып, еске алды. Марқұмның Атамекені Шығыс Қазақстан Облысы, Тарбағатай ауданынан келген бір топ делегация Жайна ханымға Асқар Әнуарұлының бастамасы мен жыл сайынғы химия-биология пәндерінен аудандың олимпиада өткізіп, білім саласында да өз үлесін қосып жатқаны үшін алғыс хат табыстады.
Шығыс Қазақстан облысындағы іс-сапар туралы қысқаша мәлімет
23-30.10.2016 ж.
2016 жылдың 23-қазаны мен 30-қазаны аралығында Қордың директоры Гүлнар Сейдолла мен директордың көмекшісі Ақмарал Садуақасова Шығыс Қазақстан облысының жалпы медициналық даму жағындағы әл-ауқатын білу, емханаларды көріп, дәрігерлермен танысу мақсатында іс сапарға барып қайтты.
Қордың басты мақсаты қатерлі ісік дертімен ауыратын науқастарға қол ұшын беру және «Жаңарту» бағдарламасы бойынша медициналық мекемелерді жабдықтармен қамтамасыз ету болғандықтан ол Семей аймақтық диспансерлік онкологиялық ауруханасынан бастау алды. «Семей облыстық онкологиялық диспансерінің жағдайы жақсы. Мемлекет үлкен көңіл бөледі», - деді директордың ұйымдастыру жөніндегі орынбасары Жұмыкбаева Нұргүл Кәрімқұлқызы. Оның айтуынша, аурухана негізгі жаңа медициналық жабдықтармен толық жабдықталған. Мұнда жоғары білімді және тәжірибелі мамандар жұмыс істейді. Содан кейін қонақтар Семей қаласындағы облыстық балалар емханасында болды.
Директор Серік Нұрыбекұлы Әлжановтың айтуынша, медициналық жабдықтардың бір бөлігі істен шыққан. Шарттары орташа. Келесі күні Семей қаласынан 130 км жерде орналасқан Абай атындағы орталық аудандық емханаға баруға мүмкіндік туды. Басшы Бақытжан Ережепбайұлы Қалбабаев клиниканы жеке таныстырды. Ол жаңа медициналық жабдықтармен және мемлекеттің үлкен көмегімен қамтамасыз етілген. Пациенттер туралы ақпаратты аймақтық орталыққа жеткізу үшін жаңа компьютерлер мен факстар сияқты жаңа ақпараттық технологиялар жеткіліксіз болып көрінеді. Қор басшылары Тарбағатай аудандық орталық ауруханасында болып, мекеме директоры К.А. Итбаевпен кездесті. Балалар бөлімі әлі де жаңа медициналық жабдықты қажет ететін сияқты.
Аз қамтылған отбасынан шыққан балаларға көмек
06.2016 ж.
Оқу жылының қарсы алдында Қор мешіт ұйымдастырған "Мектепке жол" акциясына қатысты. Іс-шаралар аз қамтылған отбасылардың балалары үшін материалдық көмек көрсетуге бағытталған болатын, аталған қор алдағы оқу жылына арналған барлық қажетті кеңсе заттармен балаларды толық қамтамасыз етті. Фирали-Ферганұлы мешітінің бас имамы Қорға алғыс хат табыс етті.
Қордың басқада көмектер аясында іске асырылған жобалармыз