Олимпиада (2017-)
Жоба мақсаты: оқушылардың химия, биология пәндері бойынша білімдерін тереңдеттіру, медицина саласына қызығушылықтарын арттыру.
Тарбағатай ауданының Қызыл Кесік ауылында дүниеге келген, қазақ тектес алғашқы дәрігерлердің бірі - Жәкула Күшікұлының құрметіне арналған олимпиада 2012 жылы алғаш рет "АС-АЙ" компаниясының құрылтайшысы Асқар Жакулиннің бастауымен ШҚО Тарбағатай ауданы Қызыл Кесік ауылы, Би Боранбай атындағы орта мектебінде жоғарғы сынып оқушыларының арасында ұйымдастырылған. 2017 жылдан бастап қор бұл жобаны өз қолына алды. 2018 жылы олимпиада облыстық деңгейге көтеріліп, "Дарын" өңірлік ғылыми-практикалық орталығымен бірлесіп,Өскемен қаласында Жәкула Күшікұлы атындағы химия-биология пәндері бойынша 9-11 сынып оқушылары арасындағы I облыстық олимпиадасы өткізілді. Жыл сайын 90 жеңімпаз ноутбуктар, ұялы телефондар, сертификаттармен марапатталады. Оған қоса, қор Тарбағатай аудандық олимпиадасының жеңімпаздарын да арнайы марапаттайды.