Жакулина Жайнаның «Безграничная любовь» кітабының тұсау кесер рәсімі

Жакулина Жайнаның «Безграничная любовь» кітабының тұсау кесер рәсімі

07.11.2023 жыл                                                                              "Безграничная любовь" кітабының тұсау кесер рәсімі

 

 

    2023 жылдың қараша айының 7 жұлдызы  «Компания Ас-Ай ЛТД» ЖШС-нің басшысы, қайырымдылық қордың құрылтайшысы Жайна Жакулинаның орыс тілінде жарық көрген «Безграничная любовь» кітабының тұсау кесер рәсімі өтті. Шараға Жайна ханымның, ең жақын адамдары, өте ықпалды, маңызды тұлғалар Жакулин Асқар Әнуарұлының аға-жеңгелері – Жакулин Алғадай Әнуарұлы, Гүлбану апай,  Жакулина Ардақ Әнуарқызы, Күшіков Шаймұрат Какенұлы, Нәзігүл апай, Әдебиет сыншысы, аудармашы, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Әрмиябек Сағындықұлы, Аудармашы, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Абуова Маруана Хамзаевна, ҚР-ның дипломатия саласының үздігі, Аскар ағаның құрметтеген ағаларының бірі Сейітбатталов Бағдат Жұмабекұлы және жұбайы, ҚР мәдениет қайраткері, ақын, «Құрмет» орденінің иегері Сақбаев Алмас Ахметбекұлы, Тарих ғылымдарының докторы, профессор Нәбижан Мұхаметханұлы, Қазақстан телерадиокорпарациясының бас редакторы, Алаш танушы Мүрсәлім Болат Сулейменұлы, «Қазақ Энциклопедиясы» серіктестігінің директоры Сүлеймен Қанат Сүлейменұлы, Көркемдеуші дизайнер, кәсіпкер  Алмас Мұқажан, Жакулин Асқар Әнуарұлының жора жолдастары "Тау Тулс" Серіктестігінің Бас директоры, Арман Ерінбетов, «Азия Энерго Проект Монтаж» серіктестігінің директорлар кеңесінің төрағасы  Құсаинов Ардақ және Жеңіс мырза, Еркін мырза, Гүлнұр ханым, Даурен мырза, Гүлшаш апай, Бақыт мырза, Халида апай қатысты.

Кітаптың тұсауын Бағдат Жұмабекұлы және Алғадай Әнуарұлы кесті.

«Шексіз Махаббат» кітабі алғаш 2017 жылы 500 данамен жарыққа шыққан. Сол кітаптан түскен қаржы толықтай қайырымдылыққа жұмсалды. «Безграничная Любовь» және қосымша 4 тақырыппен толыққан «Шексіз махаббат» кітаптары биыл 1000 данамен жарық көрді.                                                      Автордың, сүйіктісіне арналған, олардың ата-анасы, бауырлары мен балалары, достары мен қызметтестері бейнеленген кітап, көптеген оқырмандардың сұранысы бойынша орыс тілінде басылып шықты

 Кітап, ұғынықты, әрі жатық тілде жазылған. Эмоциялармен сезімдерге толы, автор, адами болмысын ашып көрсете алған.  Әзіл аралас тұстары да баршылық. Бұл кітапты оқыған адам, автормен тікелей тілдескендей әсерге бөленеді. Осы туындыда Жайна ханым, өзіне бейтаныс ортаға, тезірек сіңіп кетуді ойлағанын, сүйіктісімен бірге бөлек ортаға келгендегі әсерін, айшықтай отырып, шынайы жеткізуге тырысқаны көрініп-ақ тұр.  Сол арқылы, бұл туынды шексіз махаббат пен адамгершіліктің үлгісін көрсете алды деп ойлаймын. Жүректі жарып шыққан бұл кітап қалың оқырманның зор ықыласына бөленетініне сеніміз.

Книга Жайны Жакулиной

Асқар Жакулин атындағы қайырымдылық қордың құрылтайшысы Жакулина Жайнаның  қытайша және қазақша жазылған «Шексіз махаббат» кітабы көпшіліктің сұранысы бойынша орыс тілінде басылып шықты. Алты ай ішінде кітап орыс тіліне аударылып баспаханадан басылып көптеген ауқымды жұмыстар жасалды. Жакулина Жайна  бұл кітапты марқұм Асқар ағамен бірге өткізген  студенттік кезеңінен бастап одан айырылған кезеніне дейін   әсерлі де шебер баяндайды. 

Сатылым бағасы 6000 теңге. Сатылымнан түскен ақша Асқар Жакулин атындағы қайырымдылық қорға  аударылады.

Толық ақпарат 8 701 300 54 72