Жаңарту

Мақаншы ауылына «Жаңатру» бағдарламасымен

Жаркент, Семей, Астана қалаларында болған 2024 жылының «Жаңарту» жобасы  

07.09.2024 жыл

   Асқар Жакулин атындағы жеке қайырымдылық қоры 2024 жылы «Жанарту» жобасын іске асыру аясында Жаркент қаласының «Панфилов ауданаралық көпсалалы ауруханасына», Семей қаласының «Ядролық медицина және онкология орталығына», Астана қаласының Академик Н. Ж. Батпенов атындағы «Травматология және ортопедия орталығына» көмек көрсетті.

 

   2024 жылғы 17 сәуірде Қор Жаркент қаласындағы «Панфилов ауданаралық көпсалалы ауруханасынан» жетіспейтін компоненттерді «ЛОР-комбайн» аппаратына орнату туралы сұраныс хат алды. Қор 129 000 теңге тұратын жөндеу жұмыстарын ұйымдастырып жабдықың жұмысын қалпына келтіріп ықпал ете қоймай, сонымен қатар жалпы құны 550 670 теңге болатын ЛОР-дәрігері үшін 58 дана қосымша медициналық құралдарды сатып алды.

   2024 жылғы 29 тамызда Қорға келіп түскен жазбаша өтініштердің негізінде «Ядролық медицина және онкология орталығына» мынадай медициналық аппараттар сатып алынды: құны 14 174 784 теңге болатын «Samsung HM70EVO портативті ультрадыбыстық сканері» және жалпы құны 2 000 000 теңге болатын 5 дана «AITECS-2016 шприцті инфузиялық сорғы».

   Заманауи ультрадыбыстық аппараттың салмағы аз, интуитивті интерфейсі бар, соның арқасында мобильді бригадалар кез-келген жағдайда қолдана алады және сканерлеудің техникалық мүмкіндігі жоқ Семей қаласының және облыстың басқа да шалғай аудандарының тұрғындарына медициналық қызмет көрсетуге көмектесе алады.

 

   Жинақы портативті шприц сорғылары көктамыр ішіне, артерия ішіне, эпидуральды немесе тері астына сұйықтықтар мен дәрі-дәрмектердің белгілі бір мөлшерін қажетті мөлшерде және жылдамдықпен енгізуге арналған. Бұл жоғары дәлдіктегі мөлшергіштер адамның салмағын, оның қан қысымын ескереді және операция алдында анестезия, анестезиялық препараттарды енгізу, реанимация бөлімшесінің пациенттеріне дәрілік заттарды енгізу сияқты күрделі жұмыстарда қолданылуы мүмкін. Бұған дейін қолданылған мөлшергіштер ескірген.

 

 

   2024 жылғы 6 қыркүйекте Қор Астана қаласының академик Н. Ж. Батпенов атындағы «Травматология және ортопедия орталығына» құны 4 469 000 теңге болатын «BTL-6000 Lymphastim 12 Topline» лимфа дренаждық массажері берілді, ол лимфа тамырларындағы ісіктің тарылуына, ішіндегі сұйықтықтың азаюына ықпал етеді және тамыр жүйесінің жұмысын жақсартады — оңалту бөлімшесіндегі операциядан кейінгі кезеңдегі пациенттерді емдеу процесіне айтарлықтай ықпал етеді. Ұқсас аппараттың функциялары мен мүмкіндіктері аз.

 

 

   Жалпы сомасы 21 341 784 теңгені құрайтын аппараттарды қабылдаған Жаркент, Семей және Астана қалаларындағы медицина саласының қызметкерлері алғысын білдіріп, бас дәрігерлер Қорға алғыс хаттарын берді!

 

 

Мақаншы ауылына «Жаңатру» бағдарламасымен 

11.08.2023 жыл                                         

 

2023 жылдың 11 тамызында Асқар Жакулин атындағы қайырымдылық қоры Мақаншы ауылындағы «Ұржар аудандық ауруханасына» аса қажетті медициналық аппараттарын сыйға тартты.

Айта кетсек, - ЭКГ 12 арналы электрокардиограф,

- Әмбебап операциялық үстел OK-BETA,

- Хирургиялық екі блокты шам "EMALED 500/300,

- Қан алмастырғыштарды және инфузиялық терапия ерітінділерді жылытуға арналған аппарат «Ампер-01».

Осы «Жаңарту» жобасына жұмсалған қаражат 14 980 000 теңгені құрайды.

Ұржар ауданы әкімінің орынбасары Тұрлыбеков Біржан Қадірұлы, Мақаншы ауылдық округі әкімінің орынбасары Ошибаев Дулат, ауылдың белсенді ақсақалдары және Ұржар аудандық аурухананың бас дәрігері Турарова Лаура Мерленовна аурухана ұжымының атынан Асқар Жакулин атындағы қайырымдылық қорына ризашылығын білдіріп, алғыс хат табыс етті.

 

Абай облысына «Жаңатру» бағдарламасымен  

18.08.2022 жыл

 

 

     2022 жылы тамыздың 17-18 күндері қордың директоры Сейдолла Гүлнар мен оның ассистенті Акмарал Кудайбергеновна «Жаңарту» жобасын іске асыруға, яғни медицина аппараттарды сыйға тарту рәсіміне Абай облысына  барып қайтты. Қорға  келіп түскен  сұраныс хаттар негізінде, кез-келген смартфонға немесе планшетке Android платформасы арқылы оңай қосылатын «Екі жүйелі ультрадыбысты диагностикалық (SonoTouch 30Medical Imaging Co., Ltd) аппарат», тәулік бойы ұзақтығы 7 күнге дейін ЭКГ-ның 12 арнасын жазу мүмкіндігі бар «Амбулаторлық холтер ЭКГ тіркегіш (CardiUP 12)аппарат» және жеңіл, дыбыссыз мобильді «Амбулаторлық қан қысымын өлшейтін АВРМ-05 құрал» Абай аудандық емханасына табысталса,Семей қаласындағы «Ядролық медицина және онкология орталығына» лимфа тамырларындағы ісікті тарқатып, ішіндегі сұйықтықты азайтуға әсер беріп, тамырлар жүйесінің жұмысын жақсартатын «Лимфодренажды массаж жасайтын BTL-6000 Lymphastim 12 Toplineаппарат» сыйға тартылды.

   Қордың ұйымдастырумен биыл 5-ші маусымда Алматы қаласының  Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында «Францияға саяхат» атты қайырымдылық концертінен түскен 1 528 780 (бір миллион бес жүз жиырма сегіз мың жеті жүз сексен) теңге қаражат жоғарыда жазылған «Жаңарту» жобасына жұмсалды. Филармония директорының қолдауымен,оның жетекші солистері, халықаралық байқаулардың лауреаттарының қатысуымен, және Ас-Ай компаниясының демеушілігімен болған концерт классикалық музыканың әуесқойларының ойынша жоғары деңгейде өтті.   Жалпы 9 604 385 теңге құрайтын аппараттарды қабылдаған медицина қызметкерлері ризашылықтарын білдіріп, бас дәрігерлері қорға алғыс хат табыс етті.    

 

«Жаңарту» жобасы аясында КМК ШЖҚ "Тарбағатай ауданының аудындық ауруханасы" жаңа құрылғымен жабдықталды

03.12.2021 ж.

                                                 

   «Жаңарту» жобасы 3-ші желтоқсан күні Ақсуат аудандық орталық ауруханасына Доплер УЗИ аппараты Alpinion E-cube 8 LE (Южная Корея) модельді аппараты сыйға тартылды. Бұл 3D форматты аппараттың көмегімен ағзадағы қан айналымының дұрыстығын тексеріп, ықтимал инсульттың қан ұю себептерін анықтауға, варикоз ауруын диагностикалауға болады.  Бұған дейін коранавируспен күреске үлес қосылып 10 (40 л) оттегі баллондары жеткізілді.

 

ШЖҚ «№2 қалалық клиникалық балалар ауруханасына» КММ медициналық бұйым сыйға тартылды

13.05.2021 ж.

                                                       

    Асқар Жакулин атындағы қайырымдылық қоры Алматы қаласындағы ШЖҚ «№2 қалалық клиникалық балалар ауруханасына» КММ медициналық бұйым сыйға тартты. 13 мамыр күні ауруханаға медициналық құрал тапсырылды. Асқар Жакулин қоры 10 млн теңгені құрайтын жаңа буын өнімін сыйға тартты. Бұл өнімдер бас және жұлын ісіктері бар науқастарға хирургиялық операция жасауға, орталық жүйке жүйесінің туа біткен ақауларына, краниосиостозға, балалардағы спастикалық синдромды хирургиялық емдеуге және т.б. көмектеседі. Бүгінгі таңда Қазақстанда мұндай медициналық мақсаттағы бұйымдар жоқ. Бұл дәрігерлерге балалардың өмірін сақтауға көмектеседі. Медициналық бұйымды табыстау "Жаңарту" жобасы аясында жүзеге асты. Медициналық мекемелерге арналған барлық жабдықтарды қайырымдылық қоры сыйға тартады. Осы уақытқа дейін А.Жақулин Қоры Қазақстан бойынша ондаған ауруханалар мен оңалту орталықтарын жабдықтауға қатысты. Бұл қолдау қазақстандықтардың емделуі мен сауығу динамикасына оң әсерін тигізеді деп үміттенеміз.

 

Көмей патологиясына арналған лазерлік оперциялар жасау үшін микро құралдар табысталды

03.02.2021 ж.

                                   

   2021 жылдың 3 ақпан күні «Жаңарту» жобасы аясында Қор С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің "Ақсай" университеттік клиникасына құны  9 141 990 тг. балаларға көмей патологиясына арналған лазерлік оперциялар жасау үшін микро құралдарды табыстады. Сонымен қатар, 1000 гуманитарлық медициналық маска сыйға тартылды. Тапсыру рәсіміне А.Жакулин қорының қамқоршылары, А.Жакулиннің ағалары Кучуков Шаймурат Какенович, ақын-жазушы Алмас Ахметбек қатысты. “Ақсай” ауруханасының бас дәрігері Тәжиев Есентай Бөдесұлы біздің Қорға осындай игі іс үшін ризашылық белгісі ретінде аурухананың атынан алғыс хат табыс етті. Бұл құралдардың әрқайсысы ларингологиялық патологиясымен ауыратын көптеген балалардың өмірін құтқаратынына сенімдіміз.

 

«Жаңарту» жобасы

07.08.2020 ж. 

                             

   Қордың "Жаңарту" жобасы пандемия кезінде өз шарасын өткізуде. Шілденің 7-сінен тамыздың 5-і аяқталғанбұл жоба, ауруханалардың сұранысымен қордан 5.968.050 тенге қаражат бөлініп, жаңа 70 шт (40 литр) оттегі баллон, 5 оттегі концентраторы мен  200 жеке қорғаныс құралдары (қорғаныс комбинезоны,бахилы,қорғаныс экраны,мед.қолғап,мед.бетперде) сатып алып, ең қажет кезінде ауруханаға тапсырылды. Ауа жетпей, дем алуы қиындаған  науқастардың  жағдайын жеңілдетіп, дәрігерлерге демеу болды.

  Көмек көрсетілген ауруханалар:Алматы қаласы "Орталық қалалық клиникалық ауруханасы", Алматы қаласы "Балалар қалалық клиникалық жұқпалы ауруханасы", "Алматы облысының паллиативтік көмек ауруханасы", Шығыс Қазақстан "Тарбағатай ауданының аудандық ауруханасы", Шығыс Қазақстан "Абай аудандық ауруханасы", "Ел-Аман МЕД" медициналық қызмет көрсету орталығы.

 

Талдықорғандағы облыстық балалар ауруханасы жаңа құрылғылармен жабдықталды

05.12.2019 ж.

                                     

   2019 жылдың "Жаңарту" бағдарламасы бойынша, желтоқсанның 5 жұлдызында Асқар Жакулин атындағы қайырымдылық қоры Талдықорған қаласындағы облыстық балалар ауруханасына аса қажетті медициналық құрылғыны сыйға тартты. Сондай-ақ қайырымдылық қоры облыстағы оңалту орталығына да қажетті құралдарды алып берді. Жалпы құны 8 млн теңгелік медициналық жабдықтарды қор мүшелері мен арнайы шақырылған қонақтар ауруханаға барып тапсырды. Еліміздегі көптеген ауруханаларда, әсіресе облыстық, аудандық сауықтыру орталықтарында заманға сай медицинадық жабдықтар тапшы екені көпшілікке аян. Сондықтан да шалғай аудандарда тұратын адамдар балалары ауырса, үлкен қалаларға тасуға мәжбүр. Айталық еліміздегі ең ірі облыс орталығының бірі – Талдықорған. Мұндадағы Көпсалалы балалар ауруханасына 17 ауданнан науқастар келеді. Түрлі оқыс жағдайларға, жол апатына ұшыраған балалар ауыр жарақат алғанда ота жасауға тура келетін кездер көп. Енді науқастарға ота заманға сай жаңа құрылғыларды пайдалана отырып жасалатын болды.
   Асқар Жакулин атындағы қайырымдылық қоры ауруханаға xирургиялық ота жасауға арналған бұрғылау және ара құралын сыйға тартты. Бұған дейін мұндағы дәрігелер бұл құрылғының ескі механикалық түрін қолданып келген, ал заманға сай жаңа түрлері дәрігерлердің жұмысын жеңілдетеді, оның үстіне құрылғылар тоқсыз жұмыс істейді. Еліміздегі көптеген ауруханаларда, әсіресе облыстық, аудандық сауықтыру орталықтарында заманға сай медицинадық жабдықтар тапшы екені көпшілікке аян. Сондықтан да шалғай аудандарда тұратын адамдар балалары ауырса, үлкен қалаларға тасуға мәжбір. Айталық еліміздегі ең ірі облыс орталығының бірі – Талдықорған. Мұндадағы Көпсалалы балалар ауруханасына 17 ауданнан науқастар келеді. Түрлі оқыс жағдайларға, жол апатына ұшыраған балалар ауыр жарақат алғанда ота жасауға тура келетін кездер көп. Енді науқастарға ота заманға сай жаңа құрылғыларды пайдалана отырып жасалатын болды. 

 

Семейдегі ядролық медицина және онкология орталығына құны 25 миллиондық құрылғы тарту етілді

11.12.2018 ж. 

   2018 жылдың желтоқсан айы. Еліміздің ең ұлық мерекесі Тәуелсіздік күні қарсаңында Асқар Жакулин атындағы қайырымдылық қоры Шығыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасы «Семей қаласының ядролық медицина және онкология орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік  кәсіпорнына құны 25 миллион тұратын стол-провайдер тарту етті. Дәрігерлердің айтуынша, бұл құрылғы терапия сәулесінің зияндылығын азайтады.

                             

   Бүгінде еліміз бойынша, қатерлі ісікке шалдыққан науқастардың саны артпаса кемімей отыр. Статистикаға сүйенсек, Қазақстанда өткен жылы 176 мыңнан астам адам қатерлі ісік дертіне шалдыққан. Шығыс Қазақстан облысында басқа өңірлермен салыстырғанда қатерлі дертке шалдыққан науқастардың саныбасым. Бүгінде облыстағы медицина орталықтары науқастарға дер кезінде көмек беруге, аурудың алдын алуға, ауруды ертерек анықтауға барынша тырысып, онкологиялық аурулардан болатын өлім-жітімді азайту мен өмір сүрудің ұзақтығын, сапасын жоғарылату мақсатында жұмыс атқаруда. Осындай орталықтардың бірі  – Семейдегі Ядролық медицина және онкология орталығы. Бұл орталықта Шығыс Қазақстанның әр өңірінен келген науқастар ем қабылдайды. Қазіргі таңда медицинаның да, медициналық технологиялардың да бір орында тұрмай, күннен-күнге дамып келе жатқаны көпшілікке аян. Орталықтағы медиициналық құрылғылардың жаңаруы, мамандардың біліктілігінің жоғарылай түсуі ауыр дертке шалдыққан науқастарға үміт сыйлайды, олардың өмірін ұзартуға мүмкіндік туғызады. Кез келген медициналық мекеме секілді Ядролық медицина және онкология орталығына да жаңа жабдықтар аса қажет. Ал заманға сай құрылғыларды сатып алуға мекемелердің шамасы жете бермейді. Осы орайда онкологялық науқастарды емдеуге қолданылатын аса қажет жабдықтардың бірін таяуда Асқар Жакулин атындағы қор қызметкерлері Орталыққа сыйға тартты. Медициналық құрылғыны табыстау үшін марқұм Асқар Жакулиннің жолдастары, мәдениет қайраткері, ақын Алмас Ахметбек, «Үркек» ЖШС директоры Дәурен Халмет, Асқар Жакулин атындағы қордың демеушісі, «Ас-Ай» компаниясы дректорының орынбасары Мархабат Шәкіреева, қайырымдылық қорының менеджері Назым Мұхамедиева Семейге  арнайы барып қайтты. Стол-провайдерді Орталыққа қордың директоры Гүлнар Сейдолла табыс етті. Медициналық құрылғыны табыстау салтанатына Ядролық медицина және онкология орталығының қызметкерлері қатысы. Асқар Жакулин атындағы қор сыйға тартқан стол-провайдер 3D сәуле терапиясын жүргізуге мүмкіндік береді. «Бүгінде еліміз бойынша әйелдер арасында сүт безі қатерлі ісігінен кейін екінші орында жатыр мойны қатерлі ісігі жиі кездеседі. Осы дертке шалдыққан науқасы сырттай сәулелендіру арқылы ғана емес, іштен сәулелендіру арқылы емдейді. Ол үшін арнайы сәуле өткізгіштер қолданылады. Ал осы сәуле өткізгішті орнату үшін арнайы провайдер-столдар қажет. Бұл басқа мүшелерді зақымдамау үшін аса маңызды. Өйкені жатыр мойнының жанында тік ішек, қуық орналасқан, ал осы стол сәуленің белгілі бір мөлшерін нақты жатыр мойнына өкізу үшін қажет. Демеушілердің жасап отырған сыйы науқастардың дертінің асқынбай, дұрыс ем алуына, заманға сай медицинаның жетістіктерін пайдалануына мүмкіндік береді», дейді онколог-дәрігер, профессор Тасболат Әділханов. Асқар Жакулин атындағы қайырымдылық қоры Семейдегі Ядролық  медиицина және онкология оралығына бұрын да демеушілік жасаған болатын. 2017 жылы қор Орталықтың интенсивті терапия және реанимация бөліміне жалпы құны 8 миллонға төсектердің жанына орналастырылғатын мониторлар сыйлаған еді. Ядролық медицна және онкология орталығының қызметкерлері Асқар Жакулин атындағы қордың тарту еткен құнды сыйлығына дән ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын жаудырды. Осындай қайырымдылық істер Қазақсан азаматтарының денсаулығын сақтауға өлшеусіз үлес қосатыны анық. Жалпы, Асқар Жакулин атындағы қор құрылған аз ғана уақыт ішінде ұжым түрлі қайырымдылық шараларын ұйымдастырып, еліміздегі біршама медициналық мекемелерге, науқас балаларға қол ұшын беріп келеді. Естеріңізге сала кетейік, белгілі меценат, парасатты азамат Асқар Жакулин ауыр дерттен көз жұмған соң жары Жайна Жакулина 2016 жылы Асқар Жакулин атындағы қайырымдылық қорын құрған болатын. Бүгінде қор ұжымы игі істердің бастамашысы болып келеді.

Айнұр Нұрсабет

 

Бақанас ауруханасының жедел-жәрдем қызметкерлері арнайы курстан өтті

04-11.06.2018 ж.

                 

   Қайырымдылықтың жақсы-жаманы, үлкен-кішісі болмайды. Бұл жолы Асқар Жакулин атындағы қайырымдылық қоры тағы бір сауапты іс жасап, медицина қызметкерлерінің білімін жетілдіруіне мүмкіндік жасады және кезекті  медициналық мекеменің құрылғыларын жаңартып берді.  Маусым айының 4-і мен 11-і аралығында Асқар Жакулин атындағы қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен  Алматы облысы, Балқаш ауданы, Бақанас ауылының Балқаш аудандық орталық ауруханасының медицина қызметкерлеріне арнайы курс өткізілді. «Фельдшердің және жедел жәрдемнің жұмысы» деп аталатын 108 сағаттық курсты Республикалық жоғары медициналық колледжінің маманы, тәжірибелі дәрігер жүргізді. Жедел жәрдем қызметкерлері мен фельдшерлердің біліктілігін арттыруға, білім деңгейін жоғарлатуға арналған курсқа аудандық аурухананың жас мамандары қатысты. Қатысушылар өздеріне қажетті құнды кеңестер алды. Ауруханада біраз жылдан бері қызмет ететін аға фельдшер Зейнеш Абдрахманова өзінің осы курсқа қатысқанына қуанышты екенін айтты. «Біз үшін бұл таптырмас мүмкіндік болды, курста біраз мәліметке қанық болдық», дейді ол. Бүгінде медицина саласындағы инновация күн санап дамып келе жатқаны баршаға аян. Небір жаңа технологиялар мен құрылғылар шығарылып, қолданысқа енгізілуде, түрлі жаңа медициналық әдістер тәжірибеде іске асырылады. Сондықтан мамандардың әркез білімдерін шыңдап тұруы – заман талабы. Осы орайда ірі қалалардан шалғай орналасқан аудандағы мамандардың білімін уақытылы жетілдіріп отыруы маңызды. Алайда аудандардағы медициналық мекеме қызметкерлерінің мұндай курстарға қатысуға мүмкіндіктері де, уақыттары да бола бермейді. Міне, сондай мүмкіндікті Асқар Жакулин атындағы қор Бақанастағы аурухана қызметкерлеріне жасап отыр. Қор дәріс беретін білікті маманның ақысын төлеп, аудандағы ауруханаға жіберді. Сондай-ақ Гүлнар Сейдолла бастаған Асқар Жакулин атындағы қайырымдылық қорының мүшелері аудан орталығы Бақанастағы аурухананы қажетті медициналық құрылғылармен қамтамасыз етті. Сондай-ақ ол шара барысында белгілі меценат Асқар Жакулин туралы естеліктерімен бөлісті. Өз кезегінде аурухана басшылығы ұжымның атынан Асқар Жакулин атындағы қордың директоры Гүлнар Сейдоллаға қор тарапынан көрсетілген қайырымдылық үшін ризашылығын білдіріп, Бақанас аудандық ауруханасы директорының орынбасары Беріков Жарқын Кеңесханұлы Асқар Жакулин атындағы қорға алғыс хат табыс етті.

 

Бүгінгі ұрпақ Семей полигонының зардабын әлі тартып келеді

23.08.2017 ж.

                                                     

   Халқымыздың басына қара бұлт үйіріп, талай қазақ отбасыларына қасірет болып жабысқан Семей полигонының күні бүгінге дейін зардабын тартып келе жатқан жандар бар. Қырық жыл бойы жүргізілген сынақтың кесірі ұрпақтан ұрпаққа өтіп, уақыт өткен сайын полигонның салдарынан бүгінгі буын азап шегуде. Бұған дәлел, қазіргі Семей өңірінде қатерлі ісікке шалдыққан науқастардың көптігі. Осы орайда ауыр дертке шалдыққан жандарға аз да болса жәрдем етуді азаматтық парызым деп санайтын азаматтар таяуда Семей өңірлік онкологиялық орталығына жаңа медициналық құрылғылар тарту етті.

   Бүгінде Семей өңірлік онкологиялық ауруханасында жүздеген науқас ем қабылдауда. Ауыр дертке шалдыққан жандар ерекше күтімге зәру. Оларға аз да болса көмек көрсету мақсатында Асқар Жакулин атындағы қайырымдылық қоры Семей өңірлік онкологиялық диспансерге медициналық құрылғыларды тарту етті. Орталыққа әкелінген заманауи  жаңа төсектік мониторлар қажетті деректерді дер кезінде алуға, және жағдайы аса ауыр науқастарға тәуліктік бақылау жүргізуге мүмкіндік береді.

   Сондай-ақ қор мүшелері ШҚО Абай ауданы, Қарауыл ауылында да болды. Аудандық аурухананың сұранысы бойынша қор жергілікті ауруханаға соммасы бір миллионға жуық 6 дана ноутбук,5 дана көп салалы ақпаратты тасымалдау құрылғысын сыйға тартты. Қоғам қайраткері Алмас Ахметбекұлының айтуынша, қордың  негізгі мақсаты – қатерлі ісікпен күресу, ауруға шалдыққан азаматтарға қамқорлық жасау. Белгілі кәсіпкер Асқар Жакулин де осы қатерлі дерттен көз жұмған болатын.
Семей Қазақстан бойынша обыр және ақ қан, анемия секілді ауруларға шалдыққан науқастар саны жағынан көш бастап тұр. Уақытына жетпей босану, шала, әлсіз баланың туылу көрсеткіші де жоғары екен. Демек полигонның зардабымен әлі біраз жыл күресуге тура келеді.

 

Ақсуат ауылындағы аурухана жаңа қондырғымын жабдықталды

09.04.2017 ж.

   XXI ғасыр ғылым мен техниканың дамыған заманы, адамның қолынан келмейтін ісі жоқ десек те, әлі күнге қатерлі ісік секілді ауыр дертпен күресуде дәрмесізбіз. Елімізде жылына 16 мыңнан астам адам осы бір індеттен көз жұмады екен. Ат төбеліндей ғана қазақ халқы үшін бұл өте жоғары көрсеткіш. Елімізде обыр дертімен күресуге жылдан жылға жағдайлар жасалып, қаржы бөлініп жатқанымен, әлі де көрсеткіш көңіл көншітерлік емес.
   Еліміздің әр өңірлерінде обыр дертінің етек алуының бірден бір себебі – ауруды дер кезінде анықтап, ем жасай алмау. Өйткені елімізде білікті мамандар мен заманға сай медициналық құрылғылар тапшы. Айталық, қазір обыр ауруын анықтап, емдейтін заманауи аппарат еліміздің Астана мен Алматыда, Семейде, Қарағанды және Ақтөбе секілді санаулы аймақтарында ғана бар екен. Ал мұндай жаңа қондырғылар қыруар қаржы тұрады.
  Таяуда Асқар Жакулин атындағы қайырымдылық қордың "Жаңарту" бардарламасына сәйкес Ақсуат ауылындағы ШҚО Тарбағатай орталық аудандық ауруханасына заманауи медициналық қондырғыларды табыстау іс-шарасы өтті. Мұндай қайырымдылық шарасы емхананың директоры Д.Ж.Итбаевтың сұранысымен жүзеге асқан еді. Асқар Жакулин атындағы қор жетекшілері ШҚО облысы, Ақсуат ауылындағы Тарбағатай орталық аудандық ауруханасының жай-күйімен жеке танысып, мұқтаждықтарын білген соң заманауи медициналық қондырғыларды тарту етуді ұйғарған.
Асқар Жакулиннің жұбайы Жайна Жакулинаның бастамасымен 2016 жылдың 14 наурызында құрылған Асқар Жакулин атындағы қайырымдылық қоры ең алғаш қайырымдылық шарасын 2016 жылдың 5 мамырында Алматы қаласындағы Ақсай Университеттік клиникасының сұрауымен заманға сай медициналық қондырғылар ұсынумен бастаған еді. Осынау игілікті шара биыл ШҚО облысында жалғасын тапты. Қайырымдылық қорының мүшелері обыр дертіне шалдыққан балаларға көмек қолын созып, мұқтаж адамдарға ақыл-кеңес беруге тырысады. Ауруларды анықтау, емдеу, сауықтыру жұмысымен айналысатын балалар мекемелерімен қарым-қатынас жасап, өзара серіктестік орнатып, қаржылай көмек көрсетіп келеді.    «Тәні саудың – жаны сау» демекші, адамзаттың ең басты байлығы – денсаулық. Денсаулығы мықты ұлттың ғана болашағы жарқын. Қазіргі заманда денсаулықты сақтау, өзіңе өзің жауапкершілікпен қарау ғаламдық мәселеге айналып отыр. Жылына жер бетінде мыңдаған адам ауыр дерттен көз жұмады, өкініштісі, солардың көбі балалар мен жастар. Сәл де болса, осы көрсеткішті төмендету адам баласының бір-біріне деген мейірімділігіне байланысты. «Біздің атқарып жатқан істеріміз – теңізге тамған тамшыдай. Десек те, егер біз бір баланың ауыр дерттен айығып кетуіне жағдай жасасақ, соның өзі біз үшін жетістік. Жақсы адамның өзі өлсе де аты өлмейді, атқарған ісі өшпейді. Асқар Жакулин – жүрегі елім деп соққан абзал азамат еді. Ол кісі көзі тірі кезінде қаншама адамға жақсылық жасады, міне өзі кеткен соң да оның шапағаты басқа жандарға тиіп жатыр. Біз ШҚО Тарбағатай ауданына Қытайдан арнайы келген Асқар ағаның жақындары Алғадай Жакулин, Серік Жакулин, Гүлбану Бұлантайқызы секілді бір топ делегациямен бірге келдік. Олар аудандағы ауруханаларды аралап, жағдайды өз көздерімен көрді. Медициналық жаңа қондырғыны табыстау салтанатына арнайы қатысты», – дейді Асқар Жакулин атындағы қайырымдылық қордың директоры Гүлнар Сейдолла.

 

Көмей, жұтқыншақ ауруларына шалдыққан балаларға ота енді тек өз елімізде жасалмақ

12-14.04.2017 ж.

                     

   Бүгінгі күнге дейін Қазақстан Республикасында көмей, жұтқыншақ ауруларына шалдыққан, ЛОР органдарының жазылмайтын патологиясына ұшыраған балаларды емдеу мәселесі шешімін таппай келді. Біріншіден, елімізде білікті мамандар аз, екіншіден, емдеуге, ота жасауға қажетті заманауи аппараттар жоқтың қасы. Сондықтан көмей ауруларына шалдығып, тыныстары тарылып, дауыстары шықпай сыбырлап қалған балалар шетел асып емделуге мәжбүр болды. Дәл осы мәселені шешу мақсатында Асқар Жакулин атындағы қайырымдылық қоры Алматы қаласындағы Ақсай балалар ауруханасына көмей, жұтқыншақ ауруларын емдейтін су жаңа медициналық қондырғыны сыйға тартты. Сондай-ақ Шыңжаң медициналық университетінің бірінші емханасының құлақ, мұрын, тамақ ауруларының маманы, әрі бөлім меңгерушісі Айқын Шүкірхан арнайы келіп, 2017 жылы сәуірдің 12-14 күндері аралығында «Ақсай» клиникасында Smartxide HS лазер нұрымен емдейтін медициналық қондырғымен жұмыс істеуді үйрету, ота жасап көрсету және дәрігерлерге кеңес беру іс-шараларын өткізді. Көмей – балалардың вирустық паппиломның көбеюі мен қозуына өте қолайлы, қан тамырлары көп орналасқан, сілемейлі қабаттары өте әлсіз орган. Паппиломдар алғашында зияны жоқ болып басталғанымен, кейіннен олардың көмейдің қатерлі ісігіне айналып кету қаупі өте зор. Көмей патологиясын емдеу этиологияға байланысты өте ұзаққа созылады және кезең-кезеңмен емделеді екен. Айталық бір балаға 5-6, тіпті одан да көп ота жасатқаннан кейін ғана көмей паппиломынан айығуы мүмкін. Еліміз бойынша көмей ауруларын емдейтін клиникалар мүлде жоқ, тек Алматы қаласындағы «Ақсай» университеттік клиникасында ғана көмей паппиломын алып тастаумен немесе емдеумен айналысады. Алайда осы уақытқа дейін мұнда арнайы медициналық жабдықтардың болмауына байланысты емдік шаралар мен жасалған оталар уақытша ғана әсер беріп келді.

Айгүл Рахманқызы, «Ақсай» университеттік клиникасының дәрігері:

  «Біздің клиникамызға еліміздің барлық өңірлерінен 6-7 айлық балалардан бастап ағылып келеді. Арнайы мамандандырылған жабдықтардың болмауынан біздің мүмкіндігіміз шектеулі болды. Сондықтан балалар қайырымдылық қорларының көмегімен шетелдерге барып емделуге мәжбүр. Негізінен көптеген қайырымдылық қорлары онкологиялық, гемотологиялық науқастарға немесе жүрек ақауымен туылған балаларға көмектесуге күш салады. Ал көмей аурулары назардан тыс қалып жатады. Ал қазіргі кезде еліміз бойынша үш жүздеп астам бала осы көмей, жұтқыншақ паппиломы ауыр дертіне шалдыққан. Осы уақытқа дейін оларды емдеуге қолымыз қысқа болып келді. Өз басым он жылдан бері осы клиникада еңбек етіп келемін. Бірақ заманауи жабдықтардың болмауына байланысты бір балаға бірнеше мәрте ота жасауға мәжбүрміз, ал дерттері асқынған балалар шетелдерге барып ота жасатып келеді.  Былтырғы жылы «Асқар Жакулин атындағы қайырымдылық қоры» мүшелері біздің клиникамызға келіп оңалту бөліміне медициналық құрылғы сыйлаған кезде мен ол кісілерге ЛОР бөлімінде жатқан балалардың жағдайын айтып, көмей ауруларына шалдыққан балаларды көрсеткен едім. Сол кезде клиникамызда көмей паппиломы асқынып, ауыр жағдайда жатқан 4 айлық баланың Түркияға барып ота жасатуы үшін қор мүшелері көмектерін берген болатын. Енді міне, өзімнің туыстарымдай болып кеткен Асқар Жакулин атындағы қор бізге қамқорлық жасап, көмей, жұтқыншақ ауруларына ота жасайтын медициналық қондырғыны сыйға тартып отыр. Бізге сыйға тартылған  Smartxide HS лазер нұрымен емдейтін медициналық қондырғы өте қымбат, Қазақстанда мұндай аспап әзірге жоқ. Ендігі жерде бізде көмей аурулары азаяды деп ойлаймын. Қордың көмегімен мен Қытайға барып, Синь-Цзянь Медициналық университетінің базасында көмей патологиясы бойынша дәріс алып келдім. Ол жақтан алған әсерім ерекше. Бүгін біздің клиникамызға келіп шеберлік классын өткізіп жатқан білікті дәрігер Айқын Шүкірханұлына алғысым шексіз.  

  Шыңжаң медициналық университетінің бірінші емханасы, Асқар Жакулин атындағы қайырымдылық қоры және С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық университетінің "Ақсай" клиникасы арасындағы серіктестік қатынас аясында Шыңжаң медициналық университетінің бірінші емханасының дәрігері Айқын Шүкірхан мырза науқас балаларды тексеріп, олардың ата-аналарына тегін кеңес берді және науқастарды іріктеп, жаңа медициналық қондырғымен  ақысыз ота жасады.Қызылордадан келген 5 жасар Аманбек Әбдірәсіл деген балақай көмей паппиломы асқынып, 10 сәуірде «Ақсай» клиникасының жан сақтау бөліміне түскен. Бала гипоксиядан тынысы тарылып, есінен танып қалған. Дәрігерлер баланы бірден отаға дайындап, жасанды жолмен тыныстату үшін аппаратқа жатқызды. Қытайдан келген білікті дәрігер Айқын Шүкірханұлы Аманбекке 13 сәуір күні ота жасады. Қазіргі кезде баланың жағдайы бірқалыпты. 12 сәуір күні Айқын Шүкірханұлы Аманбектен басқа да ЛОР органдарының дертіне шалдыққан 30-40 баланы қарап, олардың ата-аналарына кеңес берді, тағы бірнеше балаға ота жасады.

Айқын Шүкірханұлы, Шыңжаң медициналық университетінің бірінші емханасының дәрігері:

– Көмей паппиломы және басқа да ЛОР органдарының жазылмайтын патологиясына шалдыққан балаларға ота жасап келе жатқаныма он жыл болды. Ең бастысы, дер кезінде ауруды анықтап, ем-шараларды бастау. Әр баланың отадан кейінгі жағдайы әртүрлі болады. Өйткені әр баланың ағзасы әртүрлі, кейбірі бірден жақсарып кетсе, енді бірінің жағдайы уақыт өте келе қалпына келеді. Осыдан 10-15 жыл бұрын Қытайда да мұндай науқастар өте көп болатын, бірақ медицина күннен күнге дамып, жаңа аппараттар шыға бастағалы соңғы жылдары көрсеткіш төмендеді. Сіздер де жақсы медициналық қондырғыға енді қол жеткізіп жатырсыздар, алдағы уақытта көмей дертіне шалдыққан балалардың саны азаяды деп үміттенемін. Ең бастысы, балаларымыз ауырмасын.      

Ирина Владимировна Брежнева, С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық университетінің "Ақсай" клиникасының бас дәрігері:

– Біз өз атымыздан, барлық науқас балалар мен ата-аналарының атынан Асқар Жакулин атындағы қорға алғысымызды айтамыз. 2016 жылдың мамыр айнан бастап серіктестікте жұмыс атқарып келеміз. Біздің клиникамыздың 65 жылдық тарихы бар, бірақ соңғы үш жылдан бері ғана университетке өттік. Университетке өткен кезімізде клиникамыздың жағдайы мүшкіл қарызы бастан асатын, мамандар мен медициналық құралдар тапшы болды. Енді міне, жылдан жылға жағдайымыз жақсарып келеді. Былтыр Гүлнар Сейдолла жетекшілік ететін қор клиникамыздың оңалту бөлімін жаңа аппаратпен жабдықтаса, енді биыл ЛОР бөліміне ерекше сый жасап отыр. Қордың көмегімен жетекші өндірушілер DEKA (Италия), Medtronic (АҚШ), Karl Storz (Германия) секілді жабдықтар алында. Атап айтқанда сілемей қабықтарының тезірек жазылып кетуі үшін нүктелерге жарық сәулесімен әсер ететін СО2 инновациялық лазерлік аппарат және сау тіндерге зиянын тигізбей папиллом, полиптерді таңдап резекция жасауға мүмкіндік беретін микродебридер, сондай-ақ ең бастысы ларингохирургия үшін заманауи жиынтық (әртүрлі қысқыштыр, саптамалар, қайшылар , сорғыштар және т.б) алынды. Бұдан бөлек хирургтардың жайлы жұмыс істеуі үшін барлық жағдайлар жасалды, Ота жасау блогына желдеткіш, терезелеріне күңгірттелген стеклопакеттер орнатты. Біз қор мүшелеріне шексіз рахметімізді айтамыз.

Гүлнар Сейдолла, Асқар Жакулин атындағы қордың директоры:

– 2016 жылы Асқар Жакулин атындағы қор құрылған кезде біз қайырымдылық шарасын жасау үшін көптеген балалар клиникаларын араладық. Солардың ішінде осы «Ақсай» университеттіек клиникасына тоқтауымызға себеп болған мұндағы дәрігерлердің балаларға деген ерекше қамқорлығы. Оның үстіне қайырымыдылықты ең мұқтаждарға жасаған абзал емеспе. Былтырғы жылы С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық университетінің "Ақсай" клиникасының сұранысы бойынша медициналық қондырғыларды қор жалпы құны 4 000 000 теңгеге жуық қаражатқа орнатып берген болатын. Сол кезде клиника дәрігерлері өз жеке бастарына сыйлық алып жатқандай ерекше қуанды. Биыл да серіктестігіміз жалғасын тауып жатыр. Жаңа медициналық қондырғымен нәтижелі жұмыс атқарулары үшін де Шыңжаң университетіне барып, тәжірибе алмасып қайту үшін Айгүл Рахманқызын жібердік. Енді міне, Қытайдың алдыңғы қатарды медициналық мекемесінің білікті дәрігері Айқын мырза да біздің елімізге келіп, шеберлік класстарын көрсетіп жатыр. Болашақта екі ел арасындағы, соның ішінде медициналық мекемелер арасындағы қарым-қатынас нығая түседі деп ойлаймыз. Ұлттың болашағы –  дені сау ұрпақ. Балаларымыздың денсаулықтары мықты болсын!  Ал бала денсаулығына бейжай қарамайтын жандардың еңбектеріне жеміс тілейміз.

 

Алматы қаласының қалалық клиникалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасына медициналық жабдықты тапсыру 

21.10.2016 ж.

                           

  2016 жылғы 21 қазанда Қор Алматы қаласының қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасына зертханалық зерттеулер үшін автоматтандырылған XP-300 гематологиялық талдауышын (Жапония) табыс етті. Бұл құрылғыда сенсорлық экран және зертхананың жұмысын жеңілдететін реагенттермен жұмыс істеудің ерекше жүйесі бар, сондай-ақ, медициналық құралдарды зарарсыздандыруға арналған 12 құрғақ шкаф пен термостат (Су моншасы) берілді. Аурухананың бас дәрігері Тосекбаев Қанат Дүйсенбайұлы барлық аурухана ұжымына алғысын білдіріп, салтанатты түрде Қор басшысы Гүлнар Сейдоллаға алғыс хат табыстап, барша бүлдіршіннің өсіп-өркендеуіне тілектестік білдірді. 

 

«Ақсай» университеттік клиникасына көмек

05.05.2016 ж.

                             

  Асқар Жакулин атындағы қайырымдылық қорының алғашқы қайырымдылық шараларының бірі Ақсай университеттік клиникасына тірек - қимыл жүйелерін қалпына келтіру үшін, сондай-ақ еңбекке қабілеті шектеулі балалардың алдын алу үшін өмірлік қажетті медициналық құрал-жабдықтарды сыйлады.

Атап айтар болсақ:

-  аяқ-қол жаттықтыру үшін механотерапиялық Мотомед viva2 сауықтыру тренажері;

- физиотерапияның үш түрін жүзеге асыратын физиотерапиялық аспап: электротерапия, ультрадыбыстық терапия, сондай-ақ лазерлік терапия;

- небулайзер және мундштук саны 3 дана;

- емдеу мекемелерінің физиотерапиялық кабинеттерінде пациенттерді емдеу үшін қолданылатын "Солнышко" ДМВ-терапиясына арналған аппарат;

- операторсыз ультрадыбыстық жүйе BTL 4000 Smart.

Медициналық мекеме ұжымы Асқар Жакулин атындағы қайырымдылық қорына берілген жабдықтар үшін алғыс айтып, қор қызметкерлерінің кәсібилігін жоғары бағалады.