Қор туралы

Қордың алдына қойған басты мақсаты мен міндеті - мемлекеттік медициналық мекемелерді осы заманғы медициналық жабдықтармен өтеусіз негізде қамтамасыз ету.

Асқар Жакулин атындағы қайырымдылық қоры      

      Асқар Жакулин атындағы қайырымдылық қоры Асқар Жакулиннің жұбайы Чжан Вэйдің (қазіргі аты – жөні Жайна Жакулина) бастамасымен 2016 жылдың 14 - наурызында құрылды. Қордың тұсаукесер рәсімі Алматыдағы «Ақсай» университеттік клиникалық балалар ауруханасында 2016 жылдың 5-ші мамыры  медициналық емдеу қондырғыларын сыйға тартумен бастау алды.

      Қордың негізгі мақсаты – қоғамдық-маңызды мақсаттарға бағытталған қайырымдылық бағдарламаларын жүзеге асыру. Мемлекеттік медициналық мекемелерді «Жаңарту» жобасы бойынша инновациялық медициналық жабдықтармен өтеусіз негізде қамтамасыз ету, сонымен қатар «Олимпиада», «Аскар Жакулин кубогі», «Тамшы мейірім», «Үздік дәрігер», «Жақсы істің бір бөлігі бол!» қайырымдылық кеші жобалары арқылы түрлі қайырымдылық бағдарламаларын іске асыру болып табылады.         

      Қордың барлық жобалары «Компания Aс-Aй ЛТД» https://asay.kz/, серіктестіктің қолдауымен жүзеге асырылуда.

Алғыс хаттар
Байланыстар
/svg>+7 (727) 290 06 00
Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Сүйінбай даңғылы 163М, 050056