Үздік дәрігер

 Абай облысы "Ақсуат аудандық ауруханасының" дәрігерлері біліктіліктерін арттырды.

 

2023 жыл                                                       Абай облысы "Ақсуат аудандық ауруханасының" дәрігерлері 

 

 

    2023 жылғы Асқар Жакулин атындағы қайырымдылық қордың «Үздік дәрігер» жобасы бойынша Абай облысы "Ақсуат аудандық ауруханасының" невропатолог -Рахымбаева У., педиатр-Нургалиева К.Б., дермотвенеролог-Иманқажы Н.Б., инфекционист-Турганбаева А.М., ВОП-Найманғазиева Ж.Н, ВОП-Кунсафина Б., онколог-Толеубекова Г., стоматолог-Биғазин Д., ВОП-Сайлауова К.,  акушер-гинеколог-Найманғазиева А.А., эндокринолог-Аштаева А.М. дәрігерлері онлайн форматта КеАҚ «Семей медицина университетіне» біліктіліктерін  жетілдіру мақсатында оқуға жолдама табыс етілген болатын. Нәтижесінде дәрігерлер курсты сәтті аяқтап куәліктерін алды. Жалпы дәрігерлердін  біліктілігін арттыру үшін  448 500 теңге жұмсалды.

 

 «Абай ауданының аудандық ауруханасының» дәрігерлері біліктіліктерін арттырды. 

28.10.2022 жыл

 

 

     

     2022 жылғы Асқар Жакулин атындағы қайырымдылық қордың «Үздік дәрігер» жобасы бойынша «Абай аудандық ауруханасына» сыйға тартылған  аппараттарды кәсіби түрде қолдану үшін келесі мамандардарға оқуға жолдама табыс етілді:

1) 2022 жылдың 3 қазаны мен 28 қазаны аралығында (240сағат)  санолог дәрігері Онгарбаева Буранкул «Портативті УДЗ CHISON Valus Beyone Imaging» - аппаратымен жұмыс жасау үшін  «Эхокардиография негіздері» бойынша Астана қаласындағы «Республикалық Медициналық Академия» ЖШС-де білім алды.

2) 2022 жылдың 10 қазаны мен 22 қазаны аралығында (120 сағат) жалпы тәжірибелік дәрігері Сағидоллаева Іңкәр «(ЭКГ,Холтер, Смад, ЭНМГ)  функционалды диагностиканың негізгі әдістері» бойынша КеАҚ «Семей медицина университетінде» курс оқып шықты.       

   Нәтижесінде дәрігерлерге курсты өткеннен кейін оқыту курсын аяқтағаны жөнінде  бекітілген түрдегі  оқуды аяқтағаны туралы куәлік  берілді. Болашақта өз тәжірибесінде дәрігер маман оқып-білгендерін жүзеге асарады деген сенімдеміз. Жалпы дәрігерлердін  біліктілігін арттыру үшін  350 000 теңге жұмсалды.

 

 

«Терапияның өзекті мәселелері» курсы

11.11.2021 ж.

                                                           

   Қайырымдылық Қордың «Үздік дәрігер» бағдарламасы бойынша “Абай ауданының аудандық ауруханасының” жалпы тәжірибе дәрігері Сағидоллаева Іңкәр «Терапияның өзекті мәселелері» бойынша қашықтан оқыту курсы алды.

 

Абай аудандық ауруханасының дәрігерлері Алматыда біліктіліктерін шыңдап қайтты

01.10-15.12.2018 ж.

                                       

   2018 жылдың маусым айы. Ата-бабаларымыз «бір ғасыр өмір сүр, бір ғасыр оқы» деп бекер айтпаса керек. Қазіргі көз ілеспей өтіп жатқан уақытпен таласып жаңарып бара жатқан ғылым, білім, технологияны игеріп үлгеру мүмкін болмай барады. Басқа да ғылым салалары секілді медицина ғылымы да бір орында тұрмай, қарқынды дамып барады. Күннен күнге түрлі медициналық құрылғылардың небір жаңа түрлері қолданысқа енуде.  Десек те, халқы ат төбеліндей болғанымен, иеленген жер аумағы бірнеше мемлекет сыйып кетерлік еліміздің шалғай аудандарына заманауи жаңалықтардың жылдам жете қоюы оңай емес. Сондықтан да кейде қаладан алыс аудандардағы түрлі сала мамандарына ірі қалаларға, үлкен білім ордаларына барып білімдерін шыңдап қайтуға тура келеді. Таяуда Шығыс Қазақстан облысы, Абай аудандық орталық аурухананың бір топ маманы Алматыдағы Қазақ мемлекеттік медициналық үздіксіз білім беру университетінде білімін жетілдіріп қайтты. Аудандық аурухана мамандарына білімдерін жетілдіруге мүмкіндік берген Асқар Жакулин атындағы қайырымдылық қоры. Қор барлығы 7 маманның тегін білім алып, біліктіліктерін шыңдай түсуіне жағдай жасады.  Еліміздің шығысындағы Семей өңірінде кейінгі жылдары онкологиялық аурулардың көбейіп кеткенін айтып мамандар дабыл қағуда.Әрине, мұның нақты себебін ешкім дөп басып айта алмағанымен, осы аймақтағы экологиялық ахуалдың нашар екені бесенеден белгілі. Басқасын айтпағанда, қаншама буын бір ғана полигонның зардабын тартып келеді. Яғни, полигонның экологияға тигізген зияны орасан, ал нашар экология адам өміріне қауіп төндіреді. Шығыс Қазақстан облысы Абай аудандық орталық ауруханасының алғашқы санитарлық медициналық көмек көрсету ісі бойынша бас дәрігердің орынбасары Қалбабаев Бақытжан Ережепбайұлының айтуынша, осы өңірде туылатын 200 баланың бесеуі түрлі кемістікпен туылады екен. Бүгінде аудан халқының саны өте азайып кеткен. Айталық ауданда осыдан 10 жыл бұрын 25 мың адам болса, қазір 15 мың ғана тұрғын қалған. Аудан халқының тұрмыс жағдайы мәз емес. «Әр жылы әртүрлі ауру түрлері көбейіп, азайып отырады. Айталық бір жылдары жүрек, қан-тамырлары аурулары көбейіп кетсе, бір жылдары қант диабеті өршіп кетеді. Ал 2017-2018 жылдары басқа жылдармен салыстырғанда ауданымызда онкологиялық ауруға шалдыққан науқастардың саны күрт көбейіп кетті. Бұның себебі сан түрлі. Өңірде онкологиялық аурулар жылдан жылға көбейіп келе жатқандықтан білікті мамандар бізге ауадай қажет. Абай ауданы облыс орталығынан және үлкен қалалардағы ірі медициналық орталықтардан шалғай қоныстанғандықтан, осы аталған ауруларды уақытында анықтауда қолданылатын кейінгі заманауи технологияларды пайдалану кенжелеп келеді және де медицина саласында болып жатқан бүгінгі ақпараттық жүйелерге қосылуда қиындықтар туындауда. Осы мәселелерді шешуде бізге Асқар Жакулин атындағы қор қол үшін берген кезде өте қуанышпен қабылдадық. Бүгінгі күні осындай игі істің арқасында бірнеше мамандар: онколог, офтальмолог, ВОБ, санолог, ПМСП меңгерушісі Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік медициналық үздіксіз білім беру университетінде білімін жетілдіріп қайтты, Онкологиядан биопсия алу, офтольмология саласы бойынша жедел түрде көрсетілетін көмектің кейінгі кездегі өзгерістері, ВОБ дәрігері кардиология саласы бойынша жедел көрсетілетін көмекпен, статист дәрігер және ПМСП меңгерушісі жаңа медициналық ақпараттық бағдарламалармен медициналық сақтандыру жағдайында жұмыс істеумен танысып қайтты.Дәрігелердің алған білімдерінен, үйренген іс-тәжіриберінен аудан халқына онкология саласы бойынша,жүрек,қан-тамырлары жүйесі бойынша уақытында диагностикалық көмек көрсетуде айтарлықтай көп көмек болатыны айқын. Ақпараттық жүйеде болып жатқан өзгерістермен технологияларды меңгеру статистика саласында және ұйымдастыруда көп көмегін тигізері анық. Осындай көмек көрсетіп жатқан Асқар Жакулин атындағы қорға Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы орталық емханасының атынан шексіз ризашылығымызды білдіреміз», деді білікті дәрігер Бақытжан Қалбабаев. Шығыс Қазақстаннан келген дәрігерлердің білімін жетілдіру курсы бір айға созылып, желтоқсанның ортасында аяқталды. Курсты тәмамдаған дәрігерлерге арнайы сертификаттар табыс етілді. Абай ауданынан біліктілігін шыңдауға арнайы келген дәрігерлер өздеріне осындай мүмкіндікті берген Асқар Жакулин атындағы қайырымдылық қорына, қор директоры Гүлнар Сейдолла, Қазақ мемлекеттік медициналық университеті мамандарына алғыстарын білдірді. Естеріңізге сала кетейік өткен жылы қор мүшелері ШҚО Абай ауданы, Қарауыл ауылында да болды. Аудандық аурухананың сұранысы бойынша қор жергілікті ауруханаға соммасы бір миллионға жуық 6 дана ноутбук, 5 дана көп салалы ақпаратты тасымалдау құрылғысын сыйға тартты. Марқұм Асқар Жакулиннің жары Жайна Жакулина құрған қайырымдылық қорының бұдан басқа да ауыз толтырып айтарлық игі істері көп. Қайырымдылық қорының директоры Гүлнар Сейдолла айтуынша, қайырымдылық қоры келесі жылы да осындай игі шараларды ұйымдастырып, талай жанға шапағатын тигізбек.

 

Бақанас ауруханасының жедел-жәрдем қызметкерлері арнайы курстан өтті

04-11.06.2018 ж.

   Қайырымдылықтың жақсы-жаманы, үлкен-кішісі болмайды. Бұл жолы Асқар Жакулин атындағы қайырымдылық қоры тағы бір сауапты іс жасап, медицина қызметкерлерінің білімін жетілдіруіне мүмкіндік жасады және кезекті медициналық мекеменің құрылғыларын жаңартып берді. Маусым айының 4-і мен 11-і аралығында Асқар Жакулин атындағы қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен  Алматы облысы, Балқаш ауданы, Бақанас ауылының Балқаш аудандық орталық ауруханасының медицина қызметкерлеріне арнайы курс өткізілді. «Фельдшердің және жедел жәрдемнің жұмысы» деп аталатын 108 сағаттық курсты Республикалық жоғары медициналық колледжінің маманы, тәжірибелі дәрігер жүргізді. Жедел жәрдем қызметкерлері мен фельдшерлердің біліктілігін арттыруға, білім деңгейін жоғарлатуға арналған курсқа аудандық аурухананың жас мамандары қатысты. Қатысушылар өздеріне қажетті құнды кеңестер алды. Ауруханада біраз жылдан бері қызмет ететін аға фельдшер Зейнеш Абдрахманова өзінің осы курсқа қатысқанына қуанышты екенін айтты. «Біз үшін бұл таптырмас мүмкіндік болды, курста біраз мәліметке қанық болдық», дейді ол. 

Бүгінде медицина саласындағы инновация күн санап дамып келе жатқаны баршаға аян. Небір жаңа технологиялар мен құрылғылар шығарылып, қолданысқа енгізілуде, түрлі жаңа медициналық әдістер тәжірибеде іске асырылады. Сондықтан мамандардың әркез білімдерін шыңдап тұруы – заман талабы. Осы орайда ірі қалалардан шалғай орналасқан аудандағы мамандардың білімін уақытылы жетілдіріп отыруы маңызды. Алайда аудандардағы медициналық мекеме қызметкерлерінің мұндай курстарға қатысуға мүмкіндіктері де, уақыттары да бола бермейді. Міне, сондай мүмкіндікті Асқар Жакулин атындағы қор Бақанастағы аурухана қызметкерлеріне жасап отыр. Қор дәріс беретін білікті маманның ақысын төлеп, аудандағы аурухаға жіберді. Сондай-ақ Гүлнар Сейдоллақызы бастаған Асқар Жакулин атындағы қайырымдылық қорының мүшелері аудан орталығы Бақанастағы аурухананы қажетті медициналық құрылғылармен қамтамасыз етті. Сондай-ақ ол шара барысында белгілі меценат Асқар Жакулин туралы естеліктерімен бөлісті. Өз кезегінде аурухана басшылығы ұжымның атынан Асқар Жакулин атындағы қордың директоры Гүлнар Сейдоллақызына қор тарапынан көрсетілген қайырымдылық үшін ризашылығын білдіріп, Бақанас аудандық ауруханасы директорының орынбасары Беріков Жарқын Кеңесханұлы Асқар Жакулин атындағы қорға алғыс хат табыс етті.

 

Асқар Жакулин қорының қолдауымен педиатрия орталығында көз торының қатерлі ісігі бар балаларға бірегей ота жасалды

21-25.05.2018 ж.

                               

   Адамзат қандай игі іс жасаса да, бар жақсыны балалар үшін, болашақ ұрпағының игілігі үшін жасайды емес пе! Өйткені балалар – көзіміздің нұры, еліміздің ертеңі. Асқар Жакулин атындағы қайырымдылық қоры құрылғалы науқас балалар үшін түрлі қайырымдылық шараларын ұйымдастырып, шама-шарқынша мұқтаж балаларға көмектесіп келеді. Қордың көптеген игі істерінен бөлек, жыл сайын 1 маусым Балаларды қорғау күніне орай ұйымдастыратын қайырымдылық шарасы көпке үлгі боларлық. Биыл 1 маусым Балаларды қорғау күні қарсаңында Асқар Жакулин атындағы қор жыл сайынғы үрдіспен «Тамшы мейірім» акциясын ұйымдастырып, науқас балаларға сый-сияпат жасады. Естеріңізге сала кетейік, қайырымдылық қоры жыл сайын шағын футболдан «Асқар Жакулин кубогі» турнирін өткізуді дағдыға айналдырған болатын. Осы қайырымдылық турнирінен түскен қаражат жылда Балаларды қорғау күнінен орай «Тамшы» мейірім» акциясын ұйымдастыруға жұмсалады. Биылғы футбол турнирінен жиналған қаржы Алматы қаласындағы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының ота жасауға дайындық бөлмесін жабдықтауға және онкология ауруларының 3-ші бөліміне жұмсалды. Яғни қайырымыдылық қоры осы бөлменің қабырғаларын балаларға арнап түрлі суреттермен безендірді, терезелеріне жалюзилер іліп, едендеріне кілемшелер төседі және бөлмені түрлі ойыншықт армен толтырды, қажетті жиһаздары мен төсек жабдықтарын, басқа да керекті тұрмыстық заттарын сыйға  тартты. Осылайша қайырымдылық қоры сәл де болса науқас балалардың көңілін аулап, қуаныш сыйлауға барын салды. Өздеріне жасалған сый-сияпатты медициналық мекеме қуана қабыл алды. ШЖҚ РМК «Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының» директоры Боранбаева Риза Зулкарнаевна ұжымның және ата-аналардың атынан Асқар Жакулин атындағы қордың директоры Гүлнар Сейдоллақы ризашылығын білдіріп, алғыс хат табыс етті. Тағы бір тілге тиек етерлік жайт, өткен аптада ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында Ресей мамандарының қатысуымен көздің қатерлі ісігі - ретинобластоманы емдеуге арналған шеберлік сабағы өткен болатын. Бұл бүгінде шетелде емделуді қажет етіп отырған балалар үшін таптырмас мүмкіндік. Шеберлік сабағында ретинобластомаға шалдыққан балаларға селективті интраартериалды химиялық терапия (СИАХТ) жүргізілді. Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы мамандарының айтуынша, ретинобластомаға шалдыққан науқастарды жедел емдеу шарасы Қазақстан да алғаш рет жүзеге асырылмақ.

   «Аталған операция түрі балалардың көздерін сақтап қалуға мүмкіндік береді. Операцияның ерекшелігі де осында» - деді мамандар. Ретинобластомаға шалдыққан төрт балаға операция жасау үшін Ресейден Н.Н. Блохин атындағы Онкологиялық ұлттық медициналық зерттеу орталығының дәрігерлері - ангиохирург И.А.Трофимов және анестезиолог Л.А.Мартынов арнайы шақырылған. Тәжірибелі дәрігерлердің дәрісі, кеңесі біздің еліміздің мамандары үшін өте құнды болды. Асқар Жакулин атындағы қор Алматыға арнайы шақырылған дәрігерлердің бірі анестезиолог Л.А.Мартыновтың қаламақысын төлеуге қол ұшын берді. Қор өз тарапынан дәрігерге 1 200 000 теңге көлемінде қаламақы төледі.

   Риза Боранбаева,  ҚР ДСМ Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының директоры, м.ғ.д.:

   Қазақстанда көз іші қатерлі ісігіне шалдыққан балалар 2015 жылдан бері біздің Ғылыми орталықта ем алады. Ретинобластома – ол балаларда сирек кездесетін, тұқым қуалайтын көз іші қатерлі ісігі. Жыл сайын елімізде ретинобластомаға шалдыққан 20-25 бала (алғаш рет ауырған) тіркеледі. Бұл кесел көбіне 5 жасқа дейінгі балаларда анықталуда. Бұл аурудың түрі барлық қатерлі ісіктердің 4%-н құрайды. Жиілігі 14 000 – 20 000 тірі туылған нәрестеге шаққанда 1 жағдайдан кездеседі. Соңғы жылдары енгізіліп отырған жаңа емдеу тәсілдері мен диагностикалаудың арқасында балалардың өмір сүруі ұзартылуда. Біздің мамандар Германия, Австрия сынды елдерге барып, білімдерін шыңдап келеді, сондай-ақ, шетелдік мамандардың қатыстыруымен өз мамандарымыздың біліктіліктерін арттыруға арналған түрлі шеберлік-сыныптарын өткізіп отырамыз. Орталықта 2015 жылдан бастап бұл дертті емдеу бойынша лазеркоагуляция және интравитреалды химиотерапия тәрізді жергілікті емдеу әдістері белсенді енгізіліп және қолданылып келеді. Сонымен қатар, екінші қайталанған ісік тәрізді кеш асқынулардың дамуын төмендету үшін тәуекелге бейімделген ем жүргізуге мүмкіндік беретін IRSS (International Retinoblastoma Staging System) жүйесі бойынша халықаралық жіктелімге сәйкес гистологиялық тәуекел факторларын бағалау жүргізіліп келеді. Бұл жұмыстар Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институтымен бірге іске асуда. 2017 жылдан бастап көз алмасын энуклеациядан кейін өсіп келе жатқан баланың бет сүйегінің косметикалық ақауын төмендетуге мүмкіндік беретін көз импланттарын қолдану басталды. Біздің алдымызда тұрған келесі қадам – ол соңғы 10 жылда АҚШ-та қолданылып және баланың өмірін ғана сақтап қоймай, сонымен қатар 95%-ға дейін көзді де сақтауға мүмкіндік беретін органсақтаушы емнің озық әдісін енгізу болып отыр. Қазақстанда ғана емес, Орталық Азияда алғаш рет енгізілгелі отырған жаңа технология - селективті интраартериалды химиотерапия ондаған науқас балаларға көздерін сақтап қалуға мүмкіндік береді.

   Дәрігердің айтуынша, операцияны өткізуге орталықта барлық жағдай жасалған, арнайы медициналық құрал-жабдықтар мен аппараттар бар және мамандар да жеткілікті. Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институты осы аталған технологияны Қазақстан Республикасында енгізуге бастама көтеріп отыр. Сонымен қатар, оны кепілді көлемдегі тегін медициналық көмекке қосуға ұсынуда. 2016 жылы Retinoblastoma Registry неміс хаттамасы негізінде ретинобластоманы диагностикалау мен емдеудің жаңа клиникалық хаттамасы бекітілген және бұл хаттама биылғы жылы жаңа органсақтаушы технологияның енгізілуіне байланысты қайта қаралуда. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бекіткеннен кейін СИАХТ әдісі балалар онкологиялық қызметі мен интервенциялық хирургия шоғырландырылған және ретинобластомаға шалдыққан барлық балаларға негізгі ем жасалынатын ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының практикасына енгізілетін болады.

   Көз іші қатерлі ісігін емдеудің селективті интраартриалды химиотерапия (СИАХТ), офтальмоаппликатормен брахитерапия жасау, криодеструкция, транспупиллярлы термотерапия және мелфалан мен топотеканмен интравитреалды химиотерапия түрлері бар. Оның ішінде селективті интраартериалды химиотерапия (СИАХТ) әдісі ең тиімдісі болып табылады. Бұл ем Америкада 10 жылдан бері қолданылып келеді және бүгінгі күні жоғары, ең тиімді ғана емес, баланың өміршеңдігін 100 пайыз құрап отыр. Қазақстанда емдеудің стандартты тәсілі көзді алып тастау еді. Өмір бойы көз протезін киіп жүру психологиялық тұрғыдан, тіпті қай жағынан алсаң да бала үшін де, ата-ана үшін де өте ауыр. Сондықтан, ата-аналардың көпшілігі көзді сақтап қалу үшін шет елдерге жүгінуде. Мәселен, Ресейдебұлотаныжасатуүшін 350 000 рубль қажетболса, Индия, Швейцарияда 60 000 - 70 000 АҚШ доллар тұрады. Соңғы 10 жылда әлем бойынша ретинобластоманы емдеу өзгерген. Көптеген елдерде көзді алып тастау әдісі азаюда. Көзіші қатерлі ісігі- ретинобластоманы емдеудің орган сақтаушы әдісін енгізу және дамыту Қазақстан азаматтарының өз отанында анатомиялық және функционалдық орган ретінде көздерін сақтай отырып жоғары мамандандырылған тегін көмек алуына мүмкіндік береді – , деді «Қазақ көз аурулары ҒЗИ» АҚ-ның Басқарма төрағасы, м.ғ.д. Марат Сүлейменов.

   Балаларда кездесетін көзіші ісігінің арасында ретинобластома 90%-ды құрайды және жоғары қатерлілігі мен сипатталады. Жыл сайын әлемде ретинобластоманың 8100 жаңа жағдайы анықталады, оның ішінде 570-810 жағдай нәрестелерде. Ретинобластома көз алмасының бәрін ісіктін дерімен басып, көру жүйкесіне, көзұясына, бас миына өсіп шығатын агрессивті барысы мен сипатталады. Ісік тек көру қабілетінен айыру түрінде ғана қауіп төндіріп қоймайды, сонымен қатар метастаздың және басқа органдарда да екінші қатерлі ісіктің даму ысалдарынан өлім-жітімнің жоғарылығы түрінде де қауіпті. Мәскеулік дәрігер Игорь Трофимовтың айтуынша, көздің қатерлі ісігін емдеу Н.Н.Блохинатындағы Онкологиялық ұлттық медициналық зерттеу орталығында 2011 жылдан енгізілген.

   И.Трофимов, ресейлік дәрігер-ангиохирург: – Блохин атындағы Онкологиялық орталық ретинобластоманы емдеу бойынша айналысатын Ресейдегі жалғыз орталық. 5 жылдан бері бұл мәселеге біз ерекше назар аударып келеміз. Жылына орталықта 120-дан астам ота жасалынады. Операцияны жасау 1-1,5 жарым сағат уақытты алады және дайындығы бар. Препарат басқа органдарға нұқсан келтірмей, ошаққа дәлжіберіледі». Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы баспасөз-мәслихатында арнайы қаражат бөліп, шеберлік-сыныпты өткізуге мүмкіндік берген ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне және демеушілік көрсеткен Асқар Жакулин атындағы қайырымдылық қорына үлкен алғыс білдірді.Шараға шеберлік-сыныбының тыңдаушылары ретінде Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінен 30-дан астам онколог дәрігер, педиатрлар мен офтальмологтар қатысты.

Айнұр Нұрсабетқызы

 

"Үздік дәрігер"

24-27.09.2017 ж.

                                                 

   24 - 27 қыркүйек аралығында Бахытбек Раушан "Үздік дәрігер" бағдарламасы бойынша ҚХР біліктілігн артып шықты.

 

"Үздік дәрігер" бағдарламасы бойынша Үрімші қаласындағы біліктілікті арттыру іс-сапар нәтижелері

05-15.12.2016 ж.

   2016 жылдың 5 желтоқсаны мен 15 желтоқсаны аралығында С.Ж.Асфендияров атындағы ҚҰМУ «Ақсай» университеттік клиникасының оториноларинголог дәрігері Медеулова Айгүл Рахманалиқызы Қытай Халық Республикасы Үрімші қаласында орналасқан Синь-Цзян университетінің бірінші емханасында он күндік іс-сапарда болып қайтты. Біліктілікті арттыруға бағытталған іс-сапар Асқар Жакулин атындағы қайырымдылық қордың бастамасымен алғаш рет «Үздік дәрігер» бағдарламасы арқылы жүзеге асырылып отыр. Іс-сапардың мақсаты отандық дәрігерлердің шетелде біліктілігін арттыруға, медициналық мекемелер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға, шетелдік мамандармен тікелей тәжірибе алмасуға бағытталған. Дәрігер құлақ, мұрын, тамақ мүшелеріне ота жасаудың инновациялық тәсілдерін үйреніп, заманауи талаптарға сай білімін жетілдіріп, Қытай медицинасымен танысып, тәжірибе алмасып қайтты. Нәтижесінде дәрігерге біліктілікті арттыру сертификаты берілді. Болашақта өз тәжірибесінде дәрігер маман оқып-білгендерін жүзеге асарады деген сенімдеміз. Асқар Жакулин атындағы қайырымдылық қордың бастамасымен қолға алынған оң істің нәтижесінде емделушілер ота жасату үшін шетелге бармай-ақ өз елімізде ем-шара жасау мүмкіндігіне ие болады. Сонымен қатар «Ақсай» университеттік клиникасына «Жаңарту» бағдарламасымен құны 40 млн. теңгеге жуық тұратын медициналық қондырғыны қайырымдылық қордың 2017 жылдың сәуір айына дейін толығымен қамтамасыз етіледі деген жоспарлары бар. Аталмыш қор осы медициналық қондырғы орналасатын операциялық бөлмеге кондиционер орнатуды және терезе әйнектерін талаптарға сай алмастыруды да өз міндетіне алып отыр. Іс-сапар барысындағы Медеулова Айгүл ханымның барып-қайту жолы, виза рәсімдеу, қонақ үй ақысы мен күндік шығын мәселесінің барлығын Асқар Жакулин атындағы қор қаржыландыруымен болды.