Тамшы мейірім

Балалар – өмірдің гүлі

 

Балалар – өмірдің гүлі

01.06.2023 жыл

 

    

   Асқар Жакулин атындағы қайырымдылық қордың «Асқар Жакулин кубогы» атты шағын футбол турниріне қатысқан 240 ойыншылардан, яғни 24 командадан түскен 1 200 000 (бір миллион екі жүз мың) қаражат 1 маусым Балаларды қорғау күніне орай «Тамшы мейірім» жобасын іске асыру мақсатында «Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар аурыханасының» сұранысы негізінде 6 айдан 3 жасқа дейін балаларды тамақтандыруға арналған 115 дана орындықтар табысталды. Айта кетсек аталған ауруханаға Алматы қаласының жұқпалы аурулармен ауырған балалары, жетімдер үйінің және мүгедек балалар да түсіп жатады екен. Сыйға тартылған орындықтарда тамақтандыру медбикелердің жұмысын жеңілдетеді. Осы жобаларға атсалысқан әрбір азаматқа алғысымыз шексіз.

 

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚОРЫ БАЛАЛАРҒА ҚУАНЫШ СЫЙЛАДЫ

01.06.2022 жыл

    Адамзат қандай игі іс жасаса да, бар жақсыны балалар үшін, болашақ ұрпағының игілігі үшін жасайды емес пе! Өйткені балалар – көзіміздің нұры, еліміздің ертеңі. Асқар Жакулин атындағы қайырымдылық қоры құрылғалы науқас балалар үшін түрлі қайырымдылық шараларын ұйымдастырып, шама-шарқынша мұқтаж балаларға көмектесіп келеді

    Биыл 1-маусым - Балаларды қорғау күні қарсаңында Асқар Жакулин атындағы қор жыл сайынғы үрдіспен «Тамшы мейірім» акциясын ұйымдастырып, Алматы қаласындағы «Онкология және Радиология Қазақ Ғылыми Зерттеу Институтының» балалар бөлімінің науқас балаларына сый-сияпат жасап, бөлімшеге қажетті заттар сыйлады. Яғни қайырымыдылық қоры осы бөлмшенің терезелеріне ролл перделер іліп, LED шамдар қосып, қажетті медициналық жиһаз бен төсек жабдықтарын сыйға  тартты. 24 балаланы мерекелерімен құттықтап сый-сыйапаттар сыйлады. Осылайша қайырымдылық қоры сәл де болса науқас балалардың көңілін аулап, қуаныш сыйлауға барын салды. Алматы қаласындағы «Онкология және Радиология Қазақ Ғылыми Зерттеу Институтының» балалар бөлімінің меңгерушісі Быковская Анна Николаевна ұжымның және ата-аналардың атынан Асқар Жакулин атындағы қордың директоры Гүлнар Сейдоллаға ризашылығын білдіріп, алғыс айтты.

    Естеріңізге сала кетейік, қайырымдылық қоры жыл сайын шағын футболдан «Асқар Жакулин кубогі» турнирін өткізуді дағдыға айналдырған болатын. Осы қайырымдылық турнирінен түскен қаражат жылда Балаларды қорғау күнінен орай «Тамшы мейірім» акциясын ұйымдастыруға жұмсалады.

 

Аcқар Жакулин атындағы жеке қайырымдылық қоры "№ 12 қалалық емханада" балалар холлын ұйымдастырды

23.07.2021 ж.

                            

    "Асқар Жақулин Кубогы" турниріне қатысушылардың арқасында "№12 қалалық емханада" балалар холлы пайда болды. Ойын бөлімі - бұл балалар үшін қуаныш, сонымен қатар педиатрлардың жұмысын жеңілдету мүмкіндігі. Адамдар қанша игі істер жасаса да, олар балалар мен болашақ ұрпақтың игілігі үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды. Асқар Жақулин атындағы Жеке қайырымдылық қоры Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының "№12 қалалық балалар емханасына" балалар бұрышын ұйымдастырды. Ашылу салтанатына қор директоры Гүлнар Сейдолла, қор қамқоршылары Атраубаева Айнагүл және Мукаметали Алнур, сондай-ақ емхана қызметкерлері, оның ішінде бас дәрігер Тоғжан Рақымжанқызы, бас дәрігердің орынбасары Гаухар Абуовна қатысты. Төрт жыл қатарынан қор қайырымдылық мақсатында мини-футбол турнирін өткізіп келеді және осы іс-шарадан бір тиынға дейінгі барлық қайырымдылықтар «Тамшы мейірім» жобасын іске асыруға бағытталған. 2021 жылдың 26 сәуірде өткен турнирге 14 команда қатысты. Турнирден жиналған жалпы сома 675 000 теңгені құрайды. «Тамшы мейірім» жобасы 2016 жылы 1 маусымда «Халықаралық балаларды қорғау күніне» орайластырылған іс-шараларды ұйымдастыру мақсатында қормен басталды. Карантиндік шектеулерге байланысты турнир маусымға ауыстырылған болатын. Биылғы жылғы футбол турнирінен түскен қаражат "№12 қалалық емхананың" балалар залын жабдықтауға жұмсалды. Жөндеу жұмыстарын қор 2021 жылы шілдеде  футбол турнирінен кейін аяқтады. Яғни қор бөлменің қабырғаларын балаларға арналған әр түрлі суреттермен безендіріп, терезелерге жалюзи іліп, еденді кілеммен жауып, балаларға қажетті жиһаздар мен басқа да қажетті заттарды сыйға тартты. Емхананы жабдықтауға суретші Сарсенбаев Мақсат өз үлесін қосты. Енді балалар дәрігерге кезекте тұрғанда ата-анасымен жалықпайды. Таныс кейіпкерлердің суреттері, ашық түстер - жас пациенттердің көңілін аулайды. Осылайша, қайырымдылық қор балалардың көңілін көтеру үшін емхана дәлізінде жаңа ойын алаңын жасап, оны жаңа әдіспен жабдықтады. "№12 қалалық емханасының" бас дәрігері Тоғжан Рақымжанқызы ұжым және ата-аналар атынан қорға алғысын білдіріп, алғыс хат табыс етті.

 

Асқар Жакулин атындағы қайырымдылық қоры – балаларды қорғау күніне орай науқас балаларға үлкен сый жасады

01.06.2019 ж.

                                           

    2019 жылдың маусым айында Асқар Жакулин атындағы қайырымдылық қоры жыл сайын 1 - маусым - Балаларды қорғау күніне орай балаларға арналған мекемелерге, соның ішінде балалар ауруханаларына қайырымдылық мақсатта көмек көрсетуді дәстүрге айналдырған. Бұл –  1 маусым Балаларды қорғау күніне орай қайырымдылық қордың «Тамшы мейірім» бағдарламасы бойынша іске асырылатын іс-шарасы. Биыл қайырымдылық қоры Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасы мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Алматы аймақтық балалар клиникалық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына үлкен сый жасады. Осы медициналық мекеменің директоры Р.М. Нұрбаев қайырымдылық қорына Алматы облысы Іле ауданы, Өтеген батыр кентінде орналасқан Онкогематологиялық науқас балаларға арналған консультативті-диагностикалық поликлиникасының ойын залын жабдықтап беруді сұрап, өтініш білдірген болатын. Енді науқас балалар ата-аналарымен бірге дәрігерге кезек күтіп отырған кезде зерігіп, мазасызданып кетпейтін болды. Өйткені Асқар Жакулин атындағы қайырымдылық қоры поликлиниканың дәлізіндегі жаңа ойын алаңын жасап, оны жаңаша жабдықтап берді. 27- сәуірде «Жас қыран» спорт кешенінде өткен «Асқар Жакулин кубогі» шағын-футбол турнирінен түскен 970 мың қаржыға ойын залына арналған жиhаздар, кілемдер, ойыншықтар, теледидар, терезеге карниз сәйкесінше перде ілінді, қабырғаға түрлі бояумен әдемі сурет салынды. Сондай-ақ дәрігерлердің сұрауы бойынша жедел жәрдем бөліміне коляска мен каталка, онкогематологтың кабинетіне  кушетка, таразы сыйға тартылды. Ойын залының ашылу салтанатына қордың директоры Гүлнар Сейдолла  мен Қордың қамқоршысы Айна Манапқызы арнайы барып ізгі тілектерін білдіріп, әдемі мерекеге ортақтасты. Аурухананың атынан қайырымдылық қорға алғыс хат табыстады. Аурухана қызметкерлерімен бірге сол жердегі балалармен ата-аналардың қуанышында шек болмады. Естеріңізге сала кетейік, Асқар Жакулин атындағы қайырымдылық қоры бірнеше жылдан бері жыл сайын шағын-футболдан турнир өткізіп тұрады. Қайырымдылық мақсатта ұйымдастырылатын  турнирден түскен қаржы әрбір тиынына дейін  1-маусым - Балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылатын іс-шараға жұмсалады.

 

Сырқат балаларға сыйлық жасалды

30.05.2018 ж.

                                   

    1-маусым – Балаларды қорғау күні мерекесіне орай, «Асқар Жакулин» атындағы жеке қайырымдылық қоры Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығындағы арнайы отаға дайындық бөлмесін жабдықдап, ауыр дертке шалдыққан балаларға қолдау білдірді. Нақты айтқанда, ота жасауға дайындық бөлмесін көздің жауын алатын суреттермен әдемілеп, балалар жиһазымен жабдықтап, түрлі ойыншықтармен және тағы басқа керекті заттармен толықтырып, науқас балаларға сый-сыяпат көрсетті. Бүгінгі шара «Тамшы Мейірім» акциясы аясында ұйымдастырылып отыр. Біз жуырда «Асқар Жакулин кубогі үшін» шағын-футболдан турнир өткізіп, одан түскен қаражатқа осы бөлмені жабдықтап отырмыз. Акцияның басты мақсаты - балалардың көңілін аулау, кішкене болса да дертін ұмыттыруға септігімізді тигізу, өмірге деген үміттерін оятып, қолдау көрсету және Балалар күні қарсаңында жақсы көңіл күй сыйлау», дейді қор өкілдері. «Асқар Жакулин атындағы қайырымдылық қоры» қатерлі дертке шалдыққан науқастарға - оның ішінде балалар емханаларына қайырымдылық жасауды дағдыға айналдырған. Жыл сайын қамқорлыққа ең мұқтаж емдеу мекемелері мен көмекке зәру балаларға қолдау көрсетіп келеді. Педиатрия орталығының басшылығы, дәрігерлер мен балалардың ата-аналары «Асқар Жакулин атындағы жеке қайырымдылық қорының» басшылығы мен өкілдеріне шексіз алғыстарын білдіреді. «Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің», деп дана халқымыз айтқандай, Қасиетті Рамазан айында жасаған қайырымды істерінің мол сауабы тисін деп тілейміз!

 

"Әлем-балалар көзімен"

26.05.2017 ж.

                         

    2017 жылдың 26 мамырында Асқар Жакулин атындағы қайырымдылық қоры Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында «Әлем - балалардың көзімен» суреттер фестивалін өткізді. Фестиваль аясында 55 кішкентай науқастар қатысты, олардың 12-сі онкология және радиология ҚазҒЗИ науқастарының суреттері болса, 43-і «Ақсай» университеттік клиникасы науқастарының суреттері. Бұл – нағыз шығармашылық мереке болды, балалар өздері өмір сүргісі келетін әлемнің суретін салуға тырысқандай. Рафаэль есімді балақай «Моя страна» картинасын салыпты, онда алма толы себет бейнеленген, ер бала алманы анасымен және әпкесімен бақтан жинаған екен. Имран Курбанов өз отбасымен бірге үлкен мерекеге барғанын бейнелепті. Әлия Жұматай көздері мейірімге тұнған жолбарыстың суретін салды.  Ал Әбу Сержан тау асып батып бара жатқан күннің әдемілігін көрсетті. Бірінші орын алған Еңлік Қабылбек баршаға жаздай жадыраған әдемі көңіл-күй сыйлады, оның суретінде жоталар арасындағы жайлау, аппақ киіз үйлер, жап-жасыл шөп, жайылымдағы жылқылар, сәукеле киген қыз бейнеленген. Бір таңғалдырарлығы, балалар салған барлық суретте күннің бейнесі бар, бұл балалардың әлемді жарық, жарқын етіп көретіндігін білдірсе керек. Жұмыстарды қорытындылай келе, осыны байқаған қазылар алқасының мүшесі «Ақсай» университеттік клиниканың неврология және оңалту бөлімінің жоғарғы санатты психологі Надежда Павловна Шарифова, «Ақсай» университеттік клиниканың неврология және оңалту бөлімінің бірінші дәрежелі психологтары Санам Дильмуратовна Тухтыева және Айгүл Әбдіқұловна Насырова. Байқаудың аты байқау. Сурет фестиваліне қатысқан барлық қатысушыларды елеп-ескерген Асқар Жакулин атындағы қайырымдылық қорының қамқоршысы, «Ас-ай» компаниясының қызмет көрсету бөлімінің жетекшісі Мукаметали Алнур және «Ақсай» клиникасының бас дәрігері Ирина Владимировна Брежнева жас суретшілердің барлығы да берілген тапсырманы ойдағыдай орындағанын, өзіміз өмір сүретін әлемге деген тың көзқарастарын көрсете білгендерін атап өтті. Әрине, үздік деген жұмыстарды іріктеу оңайға соққан жоқ. Жеңімпаздарды атап, оларға сыйлықтарды табыстау Халықаралық «Мирас» мектебінің жоғары білікті педагогы Әлия Айдарханқызы Алимоваға тапсырылды. Сонымен алты баланың жұмыстары үздік деп танылып, оларға Асқар Жакулин атындағы қайырымдылық қоры атынан сыйлықтар берілді. Бұл сыйлықтар – жазда ең қажетті деген велосипедтер, самокаттар. Балалардың қуанышын, жүздеріндегі алғыс сезімін айтып жеткізу мүмкін емес. Алған сыйлықтары оларды бір сәттік бақытқа бөледі. Осындай ұмытылмас сәттер үшін де Қор жұмыс істейді! Айтпақшы, байқауды ұйымдастыруға жұмсалған қаржы осы жылдың 29 сәуірінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің футбол алаңында «А.Жакулин кубогі» қайырымдылық мини- футбол турнирінен жиналған болатын. Асқар Жакулин атындағы қайырымдылық қоры ұйымдастырған турнирге қатысуға ниет білдіргендер аз болған жоқ. Солардың ішінен 13 команда іріктеліп алынды: «Қайырымды жандар», «Самғар тау», «Жетісу», «Өнер», «Дос», «Атлант», «Ақсай», «Реал-2017», «Ас-ай», «Береке», «Бірлік керуен», «Персона нон грата», «Көк-жал»... Байқауға қатысуды қалайтын, балалардың денсаулығына бейжай қарай алмайтын адамдардың көптігіне қарап, әркімнің қайырымды іске өз үлесін қосқысы келетінін байқауға болады. Қайырымдылық іс жасау, біздің ұлтымыздың қанында бар қасиет. Қазақ халқы үлкенді сыйлаған, кішіге ізет көрсеткен, жетімді жылатпай қамқорлық жасаған, жағдайы төмен жандардан көмектерін аямаған. 2016 жылы құрылған Асқар Жакулин атындағы қайырымдылық қорына еріктілер де көмектесіп тұрады. Олар қор қызметкерлерімен бірге қатерлі ісік дертіне шалдыққан балаларға қолдау білдіріп, нақты істер атқаруға атсалысады. Асқар Жакулин атындағы қор балалардың еміне жұмсалатын шығынды көтереді, отадан кейінгі және реабилитациядан өту кезеңдерінде де материалдық қолдау білдіріп отырады. Қайырымдылық қоры мемлекеттік медициналық мекемелерге қажетті кәсіби жабдықтарды алуға көмектеседі. Бұл да қор жұмысының маңызды бір бөлігі.…Мерекеге қайта оралатын болсақ, мұнда балалардың көңіл көтеруіне барынша жағдай жасалды. Кішкентай науқас балаларға арнап сиқыршылармен бірге шоу ұйымдастырылды. Шараға қатысқан әр бала сыйлықсыз қалған жоқ.

 

"Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының" балалар бөлімінің бүлдіршіндеріне арнайы ұйымдастырылған іс-шара

09.06.2016 ж.

                                   

    Осы жолы 2016 жылдың 9-шы маусым  күні Алматы қаласындағы «Онкология және Радиология Қазақ Ғылыми Зерттеу Институты» орталығының балалар бөліміне барды. Барғанда да балғын балалық шағында батпандай ауруға жолыққан балалардың көңілін аулап, өмірге деген үмітін оятып, ауыр сырқатпен күресуге жігер беретін жылы көңілімен барды.
«Асқар Жакулин атындағы қайырымдылық қоры» балалар бөлімінің меңгерушісі Быковская Анна Николаевнаның өтінішімен, балалар бөліміне отызға жуық сапалы жиналмалы төсек және көрпе жастық жиынтығын сыйлап, оның үстіне екі жүз шаршы метр ойын алаңына соңғы үлгідігі төсеніш жатқызып берді. Шара барысында қор өкілдердеріне дәрігерлер де, ата-аналар да шексіз ризалықтарын білдірді. Жалпы құны екі жарым миллион теңгеге бағаланған сыйлықтарды табыстау рәсіміне ақын, Қазақстанның мәдениет қайраткері Алмас Ахметбекұлы, қор директоры   Гүлнар Сейдолла, сондай-ақ қордың қамқоршылар кеңесінің мүшелері мен бірге Асқардың қызы Айдана Жакулина да қатысып, балаларға жігер қайрат бере сөйлеп, қордың мақсаттарымен таныстырды. Балалар бөлімі меңгерушісінің міндетін уақытша атқарушы жоғарғы санатты дәрігер Тохмолдаева Қарлығаш Алтынбековна ханым аурухана мен науқас балалардың жайына тоқталып: Балалардың сауығу көрсеткіші жақсарып келе жатқанын осы қордың бірінші маусым "Балалар қорғау мейрамы" күніне ұйымдастырған көңіл көтеру шаралары және бүгінгі іс-шарасы сырқат балалар мен олардың ата-аналарына үлкен қолдау екенін айтып, Асқар Жакулиннің отбасына амандық тілеп зор рахметін жеткізді. Ал сол ауруханада жатқан Айсултанның әжесі Ахметова Бану апа қорға деген алғысын білдіре келіп, Асқар Жакулиннің отбасына көңіл айтты.

 

Балалар алаңына арналған арнайы төсеніш

09.06.2016 ж.

    ҚазҒЗИ балалар онкологиялық бөлімінің ойын алаңына тромбоқорғанышы бар төсеніш салынды.