Футбол

«Тамшы мейірім» жобасын қолдау мақсатында дәстүрлі «Асқар Жакулин кубогы» шағын футболдан қайырымдылық турнирі өтті.

 

 

 

13.05.2023 жыл                                                                                                                            «Аскар Жакулин кубогы2023»

 

 

 

    13 мамыр Алматы қаласының «Спартак» футбол алаңында дәстүрге айналған «Асқар Жакулин кубогы» атты шағын футболдан қайырымдылыққа бағытталған турниріVI-шы рет өтті. Биыл сауапты да салауатты шараға24 команда қатысып,  сағат 9:00 дан 18:00 дейін  стандартты футболдың шарттарына сәйкес өтті.

   Ашылу рәсімінде волонтер Кенеспай Әнел  «Шыда» әнін орындап, командалар сапқа тұрып, еліміздің ән ұраны шырқалып болғаннан соң Асқар Жакулинді бір минуттық үнсіздікпен еске алдық. Қордың директоры Гулнар Сейдолла командаларға алғыс хат табыстап, сәттілік тіледі.  Турнирге «ADS GROUP», «ЖЕТІСУ»,  «FC TARBAGATAI» «KOKZHAL»,  «Dr`s ALATAU»,  «Алматы қаласы  «ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ ҚЫЗМЕТІ»», «АС-АЙ», «АЛЕЛЬ АГРО», «МИН-АС СЕРВИС», «SANY», «QAZYNA», «BOXING TEAM», «ALLET FC»,  «ҚҰТМЕКЕН», «BAUR ROAD CONSTRUCTION»,   «EREN TAU»,    «DREAM  TEAM», «САҒАТ», «JFF (JUST FOR FUN)», «САХАРА», «МИНМЕТАЛС», « БИПОЛЯРНАЯ ЗВЕЗДА», «NAURYZ AGRO KZ», «ЖҰЛДЫЗ»  командалары қатысты.

Ойынның қорытындысы бойынша:                                                                                                                                                                                                               1)  I-ші орын -  «FC TARBAGATAI»;                                                                                                                                                                                                               2)  II-ші орын - «Алматы қаласы  «ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ ҚЫЗМЕТІ»»;                                                                                                                            3)  III-ші орын -  «JFF (JUST FOR FUN)».

Номинациялар:      

  1. «BOXING TEAM» командасы - «Қайтпас қайсар командасы» атанды;
  2. «Алматы қаласы «ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ ҚЫЗМЕТІ»» командасының  футболисті  Журсинбеков Динмухаммет Жанабекович «ҮЗДІК ОЙЫНШЫ» наминациясына ие болды;
  3. «Алматы қаласы «ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ ҚЫЗМЕТІ командасының ойыншысы Хамитов Казыбек «ҮЗДІК БОМБАРДИР» наминациясымен марапатталды;
  4. «BOXING TEAM» командасының ойыншысы Мұтанов Қуандық «ҮЗДІК ҚАҚПАШЫ» номинациясын алды.

   Номинацияға ие болғандарға естелік сыйлықтар табысталды.

    Жоба демеушілері : «Компания Ас-Ай ЛТД», «Минметалс Казахстан», «Samal Water», «AST-SU», «Pole.kz», ИП Кабутов Ф.М., «Gf Sport», ИП Сейдолла.                                                                                                                                            

  Турнирдің мақсаты -түскен 1 219 000 теңге «Тамшы мейірім»  бағдарламасымен  1-ші маусым балаларды қорғау күніне орай  «Қалалық клиникалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасына жұмсалмақ.

 

Футбол ойнап, игі іс жаса!

14.05.2022 жыл

   

 

                 Қайырымдылық – адамның бойындағы ең жағымды қасиеттердің бірі. Ондай адам рухани құндылықтарды материалдық құндылықтардан жоғары қояды дегендей, 14 мамыр күні «Football Land»  алаңында «Аскар Жакулин кубогі» атты шағын футболдан қайырымдылық турнирі бесінші рет өтті. Биыл қайырымдылық турнирге 24 команда қатысып жақсы істін бір бөлігі болды. Бұл біз үшін үлкен жетістік. Ойын уақыты  сағат 9:30 дан 17:30 дейін  стандартты футболдың шарттарына сәйкес өткізілді.

                Ашылу рәсімі әдеттегідей командалар сапқа тұрып, еліміздің ән ұраны шырқалды.  Асқар ағаны бір минуттық үнсіздікпен еске алдық. Қордын директоры Сейдолла Гулнар қайырымдылық қормен кішігірім таныстырып, командаларға алғыс хат табыстап, сәттілік тіледі.

                Биыл шағын футбол турниріне «ADS GROUP», «SANY»,      «EREN TAU», «ҚҰТМЕКЕН»,  «ЖЕТІСУ»,  «АРДАГЕР»,  «SAUR»,  «АС-АЙ»,   «FC ATLANT», «SARSUMBE», «АҚСАЙ», «АЛМА СИТИ», «KOKZHAL», «АЛЕЛЬ АГРО», «МИН-АС СЕРВИС», «ФК  АЛАТАУ», «ATAMEKEN», «QAZYNA», «ЕМІЛ», «NAURYZ AGRO KZ», « АЛПАМЫС», «БАРСЕЛОНА», «Алматы қаласы  «ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ ҚЫЗМЕТІ»», «ТОМИРИС»  командалары катысты.  Ойынның қорытындысы бойынша I-ші орын «АҚСАЙ», II-ші орын « ҚҰТМЕКЕН», III-ші орын « EREN TAU» командалары жеңіске жетті. Номинациялар бойынша «Үздік ойыншы» «АҚСАЙ» командасының  футболисті  - Тынышбек Рамазан Рысбекұлы, «Үздік қақпашы» «EREN TAU» командасының ойыншысы- Ахат Нұрдана иеленді. Жеңімпаздарға қордын бас демеушісі «Ас-Ай» компаниясының басшылары салтанатты түрде құттықтап, Кубогті және дипломды табыс етті. Сондай-ақ азын аулақ сыйлықтар берілді.

Осы жобада демеушілік көрсеткен компаниялар : «Ас-Ай», «Минметалс Казахстан», «Samal Water», «Хрустальная вода», СК «Football Land», ФК «Қайрат», «StarSports».                                                                                                                                                    

Жобадан түскен  1 200 000 теңге «Тамшы мейірім»  бағдарламасымен  1-маусым – Балаларды қорғау күніне орай  «Қазақ радиология және онкология  ғылыми зерттеу  институтының» балалар бөлімінің науқастарымен бөлімді жабдықтауға бағытталады.

 

 

 

 

"Асқар Жакулин кубогы" қайырымдылық турниры өтті

26.07.2021 ж.

                                            

«Тамшы мейірім» жобасын қолдау мақсатында дәстүрлі «Асқар Жакулин кубогы» шағын футболдан қайырымдылық турнирі өтті. 2021 жылы 26 маусымда СК «Football Land» кезекті турнир өткізілді. №12 қалалық емхананың балалар бөлімін жабдықтауға қаражат жинау мақсатында іс-шараны «Асқар Жакулин атындағы жеке қайырымдылық қоры» ұйымдастырды.

 «Football Land» стадионында өткен жарысқа барлығы 14 команда қатысты. Ойын сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін созылды. қайырымдылық іс-шарасы игі мақсаттарға айтарлықтай сома - 675 000 теңге жинады. Қорытынды нәтижелер бойынша бірінші орынды «Тарбағатай» командасы, екінші орынды «Шамалған» командасы, үшінші орынды «Ақсай» командасы иеленді. Өткен жылы турнир елдегі карантиндік шектеулерге байланысты кейінге қалдырылды. COVID-19 пандемиясына байланысты қашықтықты сақтау және маска тағу сияқты сақтық шаралары қабылданды. Барлығы 14 команда қатысты, олар «АДС», «Sany», «Ерентау», «Шамалған», «Үшкөл», «Qutmeken», «Феникс», «Обед», «Асай», «Ақсай», «Сарсүмбе», «ATLANT», «Saur», «Тарбағатай» сияқты түрлі компаниялардың өкілдері болды. «Ақсай» университет клиникасының қызметкерлерінен құрылған «Ақсай» командасы 4 жыл қатарынан қатысып келеді. Атлант командасы қатысу үшін Қапшағай қаласынан келді. Жеңімпаздар Асқар Жакулин атындағы қайырымдылық қорының кубогымен және дипломдарымен марапатталды. Қалған командаларға алғыс хат берілді. Сондай-ақ «Қайрат» футбол клубы қатысушылардың бәріне матчқа билет беріп демушілік көрсетті. Командалар керемет физикалық және эмоционалдық дайындықтарын көрсетті. 

1 – орын команда «Тарбағатай», 2 – орын команда «Шамалған», 3 – орын команда «Ақсай»

Мұндай спорттық іс-шаралар еңбек ұжымдарын біріктіруге және командалық рухты нығайтуға мүмкіндік береді. Өздігінен денсаулықты нығайтуға көмектеседі, демалуды әртараптандырады, салауатты өмір салтын қалыптастырады. Дәстүр бойынша турнирдің салтанатты ашылуы сап түзеуден басталды. Жеребе арқылы топтарға бөлінді. Төрешіліктің объективтілігі үшін білікті судьялар қатысты. Турнирдің алғашқы минутынан бастап барлық қатысушылар спорттық толқуларға бой алдырды. Сонымен қатар, 2 номинация қосымша енгізілді: «Үздік ойыншы» номинациясы «Тарбағатай» командасының ойыншысы Сыма Ұланға берілді. «Үздік қақпашы» номинациясы «Шамалған» командасының мүшесі - Шерипбаев Ардаққа берілді. Биылғы жылы турнирдің демеушілері «Ас-Ай», «Минметалс», «Samal Water», «Samal Water», «MySatoSushi», СК «Football Land», ФК «Қайрат», «StarSports» компаниялары болды.

 

Қайырымдылық футбол турнирінде 1 миллионға жуық қаржы жиналды

27.04.2019 ж.

             

Алаңда ала допты теуіп те, қайырымды іс жасауға болатынын білесіз бе? Әбден болады, Асқар Жакулин атындағы қайырымдылық қоры жыл сайын қайырымдылық мақсатта Алматы қаласында футболдан турнир өткізуді дәстүрге айналдырған. Биыл да осы дәстүрден жаңылмаған қор өкілдері «Асқар Жакулин кубогі» шағын-футбол турнирін 27 сәуірде «Жас қыран» спорт кешенінде өткізді, бұл жолы турнирге 18 команда қатысты. Естеріңізде болса, былтыр бұл додаға 16, алдыңғы жылы 13 команда қатысқан болатын. Жылдан жылға қатысушылар да, демеушілер де көбеюде.

Өзінің елін, жерін сүйген қазақтың парасатты ұлы, белгілі кәсіпкер, меценат Асқар Жакулиннің құрметіне ұйымдастырылған футболдың ашылу салтанаты Қазақстан Республикасының Әнұранымен басталды. Жиналған қауым 1 минут үнсіздікпен Асқар Жакулинді еске алды. Турнирдің ресми бөлімінде Жакулин мырзаның ең жақын достарының бірі, белгілі ақын, қоғам қайраткері Алмас Ахметбек Асқар Жакулин жайлы өзінің жүрек тебірентер естеліктерімен бөлісті. Биыл футболға қатысқан командалардың көбі бірнеше жылдан бері қайырымдылық шарасына тұрақты қатысып келе жатқандар. Жаңадан қосылған командалар да бар. «Ақсай клиникалық балалар ауруханасы» командасы, «Ақжол Транс Терминал», «FORTE LEASING», «АС-АЙ» ЛТД, «Азия мебель», «Ақсай», «МПЗ Бижан», «Өнер», «Минметалс», «XCMG», «Атлант», «Тарбағатай», «Тринашка», «АДС групп», «KNLK INTERNAТIONAL KAZAKHSTAN INS», «КАЗГИПРОНЕФТЕТРАНС», «HIТACHI ТEAM» командалары 4 топқа бөлініп, тартысты ойын көрсетті. Ойын нәтижесі бойынша жүлделі бірінші орынды осы турнирге 3 жыл қатарынан қатысып келе жатқан Қапшағай қаласының «Атлант» командасы жеңіп алды. Екінші орын «Өнер» командасына бұйырды, ал үшінші орынды «XCMG» иеленді. Жүзден жүйрік шыққан командаларға кубок және естелік сыйлықтар табыс етілді. 
«Атлант» командасының ойыншысы Кисаев Қайрат – үздік ойыншы, Жұмабаев Елдар – үздік шабуылшы, Икарбеков Ақан – үздік қақпашы номинациялары бойынша марапатталып, естелік сыйлықтар алды. Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің, демекші қайырымдылық – қадірлі іс. Осы орайда шағын-футбол турнирін өткізуге атсалысқан демеушілердің жақсылығын айтпай кетпеске болмайды. Футболдан жарыс ұйымдастыру үшін ең алдымен, әрине алаң керек. Осы жолы футбол алаңын Ғалымжан Серәліұлы төрағалық ететін «Жас қыран» спорт кешені тегін ұсынды. Сондай-ақ Алматы қаласы әлеуметтік әл-ауқат басқармасы жедел-жәрдем көлігінің қызметін тегін берді. Ал «Хрустальная» компаниясы ойыншыларды сумен қамтамасыз етсе, «Интерспорт» дүкені бірнеше кубокты сыйға тартты. Тағы бір айта кетерлігі, шағын-футбол турнирі демеушілерінің бірі «Қайрат» футбол клубы жүлделі орын алған командаларға «Қайрат» командасының бір ойынына тегін билеттер табыстады.

Гүлнар Сейдолла, Асқар Жакулин атындағы қайырымдылық қорының директоры: – Елім, жерім, ұлтым дегенде ішкен асын жерге қойған марқұм Асқар Жакулиннің құрметіне биыл да шағын футбол турнирін ұйымдастырудың сәті түсіп отыр. Осының бәрі бізге қолдау білдірген демеушілерміз бен ойынға қатысуға ниет білдірген белсенді командалардың арқасы. Сондықтан осы турнирге атсалысқан әрбір жанға алғысымды білдіремін. Біз жыл сайын футбол турнирін өткізіп тұруды дәстүрге айналдырдық. Жылдан жылға тәжірибеміз артып келеді. Былтыр турнирге 16 команда қатысса, биыл 18 команда қатысып отыр. Бұл жолғы жарыстың бұрынғы турнирлерден ерекшелігі де жоқ емес. Биыл команда ойыншыларының арасында ең үздік қақпашы, үздік шабуылшы, үздік ойыншы номинацияларын тағайындап, оларды арнайы марапаттадық. Футбол турниріне қатысқан командалардан барлығы 970 мың теңге қаржы жиналды. Бұл қаражат 1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылатын шараларға жұмсалады. «Жақсы істің бір бөлігі бол!» деп көпшілікті қайырымдылық жасауға шақырамыз.

 

Қайырымдылық мақсатта футболдан жыл сайынғы турнир өтті

29.04.2018 ж.

Асқар Жакулин атындағы қайырымдылық қоры жылдағы дәстүр бойынша қайырымдылық мақсатта Алматы қаласында футболдан турнир өткізді.  Биылғы  «Асқар Жакулин кубогі» шағын-футбол турнирі 29-сәуірде «FootballLand» спорт кешенінде өтіп, 16 топ қатысты. Биыл қатысушылар да, демеушілер де көбейе түсті. Қайырымдылық – адам жанының нұры, мейірімділік – адам бойындағы асыл қасиеттердің қадірлісі. Ендеше біреуге жақсылық жасау мақсатында ұйымдастырылған кез келген шараның маңызы зор. Әсіресе қамқорлыққа зәру балалар үшін жасалған әрбір істе береке бар. Асқар Жакулин атындағы қор ашылғалы бірнеше  жылдан бері түрлі қайырымдылық шаралар өткізіп келеді. Белгілі кәсіпкер, меценат, абзал азамат Асқар Жакулиннің құрметіне ұйымдастырылған футболдың ашылу салтанаты Қазақстан Республикасының Әнұраны мен басталды. Сондай-ақ Эстрадалық вокал коллективі «Дети солнце Алматы» балалар хоры «Қазақ елі осындай!» әнін орындап, жиналған жұртқа рух берді. «Дети солнце Алматы» балалар хорының жетекшісі – Құдайбергенова Әлия, вокалист Бек Оралбеков. Турнирдың ашылу салтанатында алғашқы сөз қордың директоры Гүлнар Сейдоллаға берілді.

Гүлнар Сейдолла: Құрметті достар! Биыл міне, кезекті марқұм Асқар Жакулинді еске алу мақсатында шағын футбол жарысын ұйымдастырып отырмыз. Бүгінгі таңда жастарды спортқа баулу, салауатты өмір салтын насихаттау өте игілікті іс. Өйткені «тәні саудың жаны сау» демекші, өскелең ұрпақтың спортты серік етуі өздеріне де, қоғамға да пайдалы. Біз жыл сайын футбол турнирін өткізіп тұруды дәстүрге айнылдыруды көздейміз. Былтыр да дәл осы уақытта турнирді өткізген болатынбыз. Жылдан жылға тәжірибеміз молайып, кем-кетіктеріміз түзеліп келеді, Өздеріңіз байқағандай, қатысуға ниет білдіргендердің және демеушілердің көбейе түскені бізді қатты қуантады. Былтыр турнирге  13 команда қатысса, биыл 16 команда қатысып отыр. Осы жолы барлық командадан 800 000 тг  қаражат жиналды. Бұл қаражат толығымен «Тамшы мейірім» жобасы бойынша 1-маусым – Балаларды қорғау күніне ұйымдастырылатын іс-шараға жұмсалатын болады. «Тамшы мейірім» – қатерлі ісік, обыр ауруына шалдығып, өмір үшін күресіп жатқан кішкентай балалардың еміне үлес қосу мақсатында қолға алынған жоба. «Жақсы істің бір бөлігі бол!» деген сөз біздің қордың ұранына айналған. Қор мүшелері мен қамқоршылары бұған дейін де біршама жобаларды сәтті іске асырып келеді. Осындай игі шаралардың бірі жақында Өскеменде өткізілген оқушылар арасындағы  I-ші облыстық олимпиада. Осы олимпиадаға Набижан Мұқаметханұлы, Армиябек Сағындықұлы, Алмас Ахметбекұлы және қордын қамқоршылары барып, атсалысып қайтты, бүгін біздің қордың жанашырлары, қамқоршылары футбол турниріне жанкүйер болып келіп отыр.

Сондай-ақ  бүгінгі футбол турнирін ұйымдастыруға  атсалысып, демеушілік білдірген «Ақ қайың» мейрамханасына, сумен демеушілік көрсетіп отырған Сайра Шабданқызына, Асқар Дәкенұлына, Алмас Мұқажанға, осындағы жанкүйрлерге және Royals командасына демеуші болған «Минметалс Казахстан» компаниясына,  «Ас-Ай» компаниясының қыз-жігіттеріне алғыс білдіремін. Ал жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеймін!

Футбол турнирі басталмас бұрын командалар жеребе тастады. Барлығы 16 команда 4 командадан 4 топқа бөлініп ойнады, 10 минуттан 2 тайм ойында командалар ақтықсынға шығуға талпынып, жеңімпазболуға барларын салды.

Футбол командалары: «Дос», «Ақсай», «Ас-Ай», «Көк жал», «Өнер», «Atlant», «Аягөз», «Азия мебель», «XCMG», «Бижан», «Royals», «Шайқас», «Бірліккеруен», «АрланЕрзат», «Құтмекен», «Қайнар». Осы командалардың көбі былтырғы турнирге де белсене атсалысқан. Командалар негізінен еріктілерден, студенттерден, белсенді жастардан құрылған. Салауатты өмір салтын ұстанатын, әрі қайырымдылық жасауға қашанда әзір жігіттер футбол алаңында тартысты, ойын көрсетті. Ойын сағат 9.00-ден 16.00-ге дейін жалғасты. Қызықты әрі тартысты турнирге Алматы қаласының 1-ші дәрежелі төрешілері: Ешмұханбетов Азамат, Губашев Ален, Бурмистров Олег сынды азаматтар төрелік етті.

Арай Тоқтасынұлы, «Дос» командасының капитаны: –Біздің команда осымен екінші жыл қатарынан Асқар Жакулин атындағы футбол туниріне қатысып отыр. Қайырымдылық мақсатында ұйымдастырған шараға қатысу біз үшін мәртебе. Сондықтан командамның атынан ұйымдастырушыларға үлкен алғысымды білдіремін. Ойын өте қызық, тартысты, әділ өтті деп есептеймін. Бұйырса келесі жылы да турнирге қатысамыз деп ойлаймын.

Турнирдің жабылу салтанатында Нәбижан Мұқаметханұлы – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультеті қытайтану кафедрасының процессоры, тарих ғылымдарының докторы, «Қазіргі заманғы  Қытайды зерттеу орталығының» директоры жеңімпаздарды құттықтап,    Максимов Мирас «Атамекен» әнін орындады. Еңбастысы, футболдың жеңімпаздары анықталып, жүзден жүйрік шыққандар марапатталды. Турнирге қатысқан 16 команданың ішінде жүлделі орындарға «Өнер», «Бижан», «Бірлік Керуен» командалары ие болды.

1-орын – «Бірлік Керуен», 2-орын – «Бижан», 3-орын – «Өнер»

Асқар Әнуарұлы Жакулин 1965 жылытуған.  Ол - тереңбілімді, еліне, ұлтына, мемлекетіне деген сүйіспеншілігі шексіз, патриот, іскер ұйымдастырушы болған еді. 2002 жылы Бейжің қаласындағы бизнесін тастап, отбасымен Тәуелсіз Қазақстанға бір жолата қоныс аударып,  Ас-Ай компаниясын  құрды. Асқар Жакулин 2016 жылы ауыр науқастан көз жұмған еді.

 

Футбол ойнап, балаларға қайырымдылық жаса!

29.04.2017 г.

Адами қасиеттердің қадірлісі – қайырымдылық. «Шын жүректен жасалған қайырымдылықтың үлкен, кішісі болмайды» деген ұстанымға берік Асқар Жакулин атындағы қор таяуда футболдан турнир өткізді. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық  университетінің футбол алаңында сәуірдің 29-шы жұлдызында өткен футбол туниріне барлығы 13 команда қатысты. Қайырымдылық іс жасау – үлкенін сыйлаған, қариясын қастерлеген, жетімін жылатпаған, кемтар жандарды ешкімнен кем көрмеген қазақ халқына тән қасиет. Біздің елімізде қайырымдылық шараларының жиі өткізіліп тұруы да осыған дәлел, оған атсалысатын жандар да жетерлік. Асқар Жакулин атындағы қайырымдылық қоры ұйымдастырған футбол турниріне қатысуға ниет білдірушілердің қарасы өте көп болды. Нәтижесінде ұйымдастырушылар 13 команданы іріктеп, турнирге қатысуға мүмкіндік берді. Асқар Жакулин атындағы футбол турниріне: «Қайырымды жандар», «Самғар тау», «Ақсай», «Жетісу», «Өнер», «Дос», «Атлант», «Реал-2017», «Ас-ай», «Береке», «Бірлік керуен», «Персона Нон Грата», «Көк-жал» командалары қатысты. Командалар негізінен еріктілерден, студенттерден, белсенді жандардан  құрылған. Салауатты өмір салтын ұстанатын, әрі қайырымдылық жасауға қашанда әзір жігіттер футбол алаңында тартысты ойын көрсетті. Айталық «Қайырымды жандар» командасы әрдайым қайырымдылық шараларына атсалысып келе жатқан еріктілерден құрылған. «Ақсай» командасы Алматы қаласындағы «Ақсай» Университеттік клиникасының қызметкерлерінен құрылыпты, ал «Атланта» командасы арнайы турнирге қатысу үшін Қапшағай қаласынан келді. «Самғар тау», «Көк-жал» секілді бірнеше команда Қытайдан келген қандастарымыз құрған топтар. «Жетісу» командасы жергілікті студенттерден құрылса, «Өнер» командасында Алматы қаласының Өнер академиясын бітірген түлектер мен студенттер ойнайды.

Алмас, «Өнер» командасының ойыншысы: – Ойын өте қызық әрі тартысты өтті. Өзіміздің ойнымызға көңіліміз толды. Бұл ойын боған соң жеңіс те, жеңіліс те болады ғой. Дегенмен жігіттердің құлшынысы жаман емес. Ұйымдастырушыларға алғыс білдіреміз. Осындай турнирлердің жиі ұйымдастырылып тұрғанын қалар едік. Қайырымдылық қоры күні бойы алаңда футбол ойнаған жігіттерді түскі аспен, сумен қамтамасыз етті. Көп рахмет айтамыз. Біздің команда турнирге келесі жылы да қатысуға дайын.

Айдар, «Самғар тау» командасының ойыншысы: – Салауатты өмір салтын насихаттап, әрі қайырымдылық мақсатында өткізіліп жатқан турнирге қатысқанымызға қуаныштымыз. Біз сонау қытай елінен келдік. Жалпы ойын жаман емес. Дегенмен әлі де жетілдіре түсетін тұстары бар. Айтарлық кейбір командаларға уақыт аздық етті, енді бір командаларда бірін-бірі ауыстыратын ойыншы тапшы болып жатты. Керісінше, кейбір командалардың ауысып ойнайтын ойыншылары болғандықтан аса шаршамады. Мүмкінлдік болса, келесі жылы да турнирге қатысамыз.

Гүлнар Сейдолла, Асқар Жакулин атындағы қайырымдылық қорының директоры:

 –  Асқар Жакулин атындағы қайырымдылық қоры футболдан қайырымдылық турнирін жыл сайын өткізіп тұруды дағдыға айналдыруды көздеп отыр. Жылдан жылға ұйымдастыру жұмыстарының сапасы да жақсара бермек. Турнирге қатысуға ниет білдірген әр командаға, әр ойыншыға жеке алғысымды білдіремін. Осы турнирге қатысқан әр команда қайырымдылық үшін елу мың теңгеден тікті. Барлығы алты жүз елу мың теңге жиналды. Осы қаржы 1-ші маусымда балалар күніне орай ұйымдастырылатын «Әлем – балалардың көзімен» атты қайырымдылық шарасына жұмсалады. Осылайша біз балаларға аз да болса қуаныш сыйлау мақсатында турнирді ұйымдастырдық. Алдағы уақытта осы қаржының нақты қандай іске жұмсалғаны туралы айтатын боламыз. Қордың сайтынан және басқа да ақпараттар көздерінен қайырымдылық шарасына қатысты ақпараттарды біле аласыздар.

Асқар Жакулин атындағы футболдан қайырымдылық турнирінің жеңімпаздары:

1 орын – «Өнер» командасы, 2 орын – «Дос» командасы, 3 орын – «Атлант» командасы

Жеңімпаздарға Асқар Жакулин атындағы қайырымдылық қордың атынан арнайы кубок пен диплом тапсырылды. Қалған командаларға Алғыс Хат берілді Сондай-ақ «Қайрат» футбол клубы қатысушылардың бәріне 29-ы күні кешке өткен матчқа билет беріп, ойыншыларды сумен қамтамасыз етті. «Қолы ашықтың – жолы ашық» демекші,  Алланың берген ризығынан аз да болса бір бөлігін Хақ Тағаланың разылығы үшін қайырлы істерге жұмсасақ, қоғамға тиер пайдасы мол болатыны сөзсіз. Осы орайда Асқар Жакулин атындағы қайырымдылық қорының жасап жатқан қайырымды істері берекелі болсын деп тілейміз.

Айнұр Сенбаева