«Қамқор» жаңа жобасы

Бүкіл әлемге таралып жатқан індет бізге де өз әсерін тигізді. Осындай сын сәтте Асқар Жакулин атындағы Қайырымдылық Қоры жаңа жобаны бастады

«Қамқор» жаңа жобасы

27.04.2020 ж.

           

Бүкіл әлемге таралып жатқан індет бізге де өз әсерін тигізді. Осындай сын сәтте Асқар Жакулин атындағы Қайырымдылық Қоры жаңа жобаны бастады. 1-ші сәуірден 24-ші сәуірге дейінгі аралықта атқарылған қорымыздың «Қамқор» атты жаңа жобасы бүгінгі таңда өз мәресіне келіп жетті. 2 млн теңгемен қаржыландырылған жоба, Алматы қаласының барлық аудандарымен қатар, қала сыртында тұрып жатқан 150 көмекке мұқтаж көп балалы отбасыларына азық-түлік түрінде көмек жеткізді. Бірінші қажеттіліктегі азық-түліктерді сатып алу, бір-бір қораптан жинау өз қызметкерлеріміздің ынтасымен жүзеге асырылды. Біз әзірлеген 150 азық-түлік қораптары Алматы қаласының Алмалы ауданының әкімшілігі арқылы 20 отбасына, «Лига Волонтеров» атты қоғамдық ұйымы арқылы 61 отбасына, Алматы қаласының «Нұр Отан» партия өкілдері арқылы 24 отбасына , «Ас-Ай» компаниясының жігіттері арқылы 45 отбасына жеткізілді. ҚХР, ШҰАА, Іле-Қазақ автономиялы облысынан гуманитарлық көмек түрінде келген 201 мың дана қорғаныс бетперделерін сыйға тарту арқылы коммерциялық емес, мемлекеттік, бюджеттік, халықтың мүддесі үшін жұмыс істейтін ұйымдарға берілді. Барша атсалысқан жандарға алғыс айта отырып, қайырымдылық жасауға шақырамыз!