Қабдеш Жұмаділовтың шығармашылығына арналған байқау

"Сұлу сөз, көркем ойдың кемеңгері" 

 

         22.09.2022 жыл

 

 

 

    2022 жылдың 22 кыркүйегі Өскемен қаласында ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығының ұйымдастыруымен, Асқар Жакулин атындағы қайырымдылық қорының демеушілігімен С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің залында  жалпы білім беретін ұйымдардың 8-10 сынып оқушылары арасында Қабдеш Жұмаділовтің шығармашылығына арналған «Сұлу сөз, көркем ойдың кемеңгері» атты алғаш рет аймақтық деңгейде байқау өткізді. 
Байқау жазушының өмірі мен шығармашылығы, әдебиет әлеміне қосқан рухани мол мұрасын зерттеу, ел арасынан әдебиетке бейім, дарынды жастарды айқындау, оларға қолдау көрсету, көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру мақсатында өткізілді. Байқауға Абай облысы мен Шығыс Қазақстан облыстарының барлық аудандары мен қалаларының қатысуға қызығушылық танытқан 90 дарынды оқушылар қатысты.
Байқау екі номинация бойынша өткізілді:
1. «Тарих тудырған талант» номинациясы - Қабдеш Жұмаділовтің, тарих, мәдениет, елінің азаттығына, туған жерге деген сағыныш пен махаббатты арнаған шығармашылығы жайлы эссе жазу.
2. «Қ. Жұмаділов – қазақтың көркем сөзіне, әсіресе тарихи жанрына елеулі үлес қосқан жазушы» жазушының ұлтжанды қаһарманды биік өреге көтерген шығармаларынан жатқа үзінді оқу номинациясы.
   Сондай – ақ, жазушының ұлы, т.ғ.к., ҚБТУ қауымдастырылған профессоры, Жұмаділ Арман Қабдешұлы мен қатысушылар арасында кездесу ұйымдастырылып, әсерлі сұхбат жүргізілді. Сұхбат түрінде өрбіген кездесу барысында оқушылар жазушының шығармашылығынан, ғибратты өмірінен сұрақтар қойып, қойылған сұрақтар төңірегінде қызықты жауаптар алды.
Асқар Жакулин атындағы қайырымдылық қоры аймақтық байқау  жеңімпаздарын ақшалай сертификаттармен марапаттады: І – орын  11 бала 70 000 теңгеден, ІІ –орын 15 бала 40 000 теңгеден, ІІІ – орын 19 бала 20 000 теңгеден. Жалпы 45 сертификат 1 750 000 ( 1 миллион жеті жүз елу мың ) теңге берілді, және  «Қабдеш Жұмаділов» қоғамдық қоры І, ІІ, ІІІ – орын жүлдегерлеріне «Дарабоз» ІІ томдық, «Соңғы көш» ІІ  томдық кітаптарды, сонымен қатар барлық қатысушыларға  Қ. Жұмаділовтің әдеби кітаптарын табыс етті.

   Байқау жеңімпаздарын құттықтаймыз!