Бейнебөлім

Олимпиада 2022
Жәкула Күшікұлы атындағы химия және биология пәндерінен олимпиаданың аудандық кезеңі 2022 жылдың 04 сәуірі Тарбағатай ауданы, Қызылкесік ауылындағы “Би Боранбай” атындағы орта мектебінде өтсе, олимпиаданың ІІІ-облыстық кезеңі 2022 жылдың 7 сәуірі Өскемен қаласында "Дарын" өңірлік ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде өтті.
"Францияға саяхат" қайырымдылық концерті, 2022 жыл.
"Францияға саяхат"Француз музыкасының қайырымдылық концерті. Қайырымдылық қордың басты мақсаты: Мемлекеттік медициналық мекемелерді өтеусіз негізде заманауи медициналық жабдықтармен қамтамасыз ету,түрлі қайырымдылық бағдарламаларын жүзеге асыру. Концерттен түскен барлық қаражат қордың "Жаңарту" жобасына, атап айтқанда ШҚО Абай ауылындағы Абай аудандық ауруханасына және ШЖҚ КМК "Семей қаласының Ядролық медицина және онкология орталығына" жіберіледі.
"Жаңарту" бағдарламасы бойынша іссапар, 2022 жыл.
"Жаңарту" бағдарламасы бойынша Ақсуат мекеніндегі Тарбағатай орталық аудандық ауруханасына, Семей қаласының облыстық онкологиялық диспансеріне, Абай ауылындағы Абай аудандық ауруханасына іссапар.
Асқар Жакулин атындағы қайырымдылық қорына 5 жыл