Қор туралы

Қордың алдына қойған басты мақсаты мен міндеті - мемлекеттік медициналық мекемелерді осы заманғы медициналық жабдықтармен өтеусіз негізде қамтамасыз ету.

Асқар Жакулин атындағы қайырымдылық қоры  

Асқар Жакулин атындағы қайырымдылық қоры Асқар Жакулиннің жұбайы Чжан Вэйдің (қазіргі аты – жөні Жайна Жакулина) бастамасымен 2016  жылдың 14 - наурызында құрылды. Қордың алдына қойған басты мақсаты мен міндеті - мемлекеттік медициналық мекемелерді осы заманғы медициналық жабдықтармен өтеусіз негізде қамтамасыз ету. Сонымен қатар  мемлекеттік  емханаларда  қайырымдылық бағдарламаларын іске асыру болып табылады. Айта кетерлік, қордың барлық жобалары ЖШС «Aс-Aй ЛТД» https://asay.kz/ , «Минметалс Казахстан» қолдауымен жүзеге асырылуда. Қордың тұсаукесер рәсімі Алматыдағы «Ақсай» университеттік клиникалық балалар ауруханасында 2016 жылдың 5-ші мамыр күні  3 873 000 теңгеге алынған медициналық емдеу қондырғыларын сыйға тартумен бастау алды. Көптеген обыр дертіне шалдыққан балаларды шетелге ем алуға жіберді. 2017 жылдың 12-ші сәуірде Алматыдағы «Ақсай» университеттік клиникалық балалар ауруханасына  38 392 379 теңгеге  Smartxide HS лазерін сыйға тартты. «Жаңарту» бағдарламасы бойынша қордың тағы бір үлкен шарасы 2018 жылдың желтоқсан айында өтті. Асқар Жакулин атындағы қайырымдылық қоры Шығыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасы «Семей қаласының ядролық медицина және онкология орталығына»  құны 25 000 000 тұратын Стол-провайдер аппаратын тарту етті. Жыл сайын өтетін Жәкула Күшікұлы атындағы олимпиада облыстық деңгейде өтіп келеді. Құрылған күннен бастап, 2021 жылдың аяғына дейін қайырымдылық қор 215 миллионнан астам теңге қаражатты қайырымдылыққа жұмсады. Біздің атқарып жатқан істеріміз – теңізге тамған тамшыдай болса да, бір баланың ауыр дерттен айығып кетуіне жағдай жасасақ, соның өзі біз үшін үлкен жетістік. Жақсы адамның өзі өлсе де аты өлмейді, атқарған ісі өшпейді. Асқар Жакулин – жүрегі елім деп соққан абзал азамат еді. Ол көзі тірісінде қаншама адамға жақсылық жасаса, өзі кеткен соң да оның шапағаты басқа жандарға тиіп жатыр.

Алғыс хаттар
Байланыстар
/svg>+7 (727) 290 06 00
Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Сүйінбай даңғылы 163М, 050056