Асқар Жакулин атындағы қайырымдылық қоры
Жақсы істің бір бөлігі бол!
+7 (727) 295 58 77 info@aj-charity.kz

ЖЕҢІМПАЗ ЖЕТКІНШЕКТЕР 5 КҮНДІК САЯХАТТА БОЛДЫ!

             Ел ертеңі – білімді жастар демекші, естеріңізде болса Асқар Жакулин атындағы қайырымдылық қоры 2019 жылдың  13- наурызында Тарбағатай ауданында  өткен Жәкула Күшікұлы атындағы аудандық олимпиаданың жеңімпаздарына 5 күндік жолдама сыйлады.  Бұл жолдаманы сыйлаудағы мақсат – жоғарғы сынып оқушылары мектеп бітіргенге дейін әсем қала Алматымен танысып, жоғарғы оқу орындарын көру, өздері қалаған оқу орындарына тапсыру үшін қандай деректер керек болса соны біліп қайтсын дедік. Балалар 30- сәуір мен 4-мамыр аралығында Алматы қаласында әдемі саяхатта болды. Университет, театр, кино, табиғат, қаланың әсем жерлері балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Олар үшін ұмытылмастай демалыс болғанын өз шығармаларында көрсетіп, Асқар Жакулин атындағы қайырымдылық қорына және де Чжан Вэй (Жайна Жакулина) ханымға ерекше алғыстарын білдірді. Біз оларға алдағы мемлекеттік емтихандарын үздік тапсырып, армандарының орындалуына тілекші болдық!

            Қуанса, бала қуансын. Балаларды қуантқаннан артық не бар, бұл өмірде? Олардың жайнаған жүзін көріп, күміс күлкісін естіп, тамашалағаннан артық ғажап нәрсе болмас. Баланы қуанту – әлемге шуақ шашумен тең. Өйткені, балақайлар – болашағымыздың баянды жолы, өміріміздің мәні, көңіліміздің сәні. Балаға жасалған бар жақсылық болашақ жолындағы ұлы іспен тең десек, келісерсіздер.