Асқар Жакулин атындағы қайырымдылық қоры
Жақсы істің бір бөлігі бол!
+7 (727) 295 58 77 info@aj-charity.kz

АСҚАР ЖАКУЛИН АТЫНДАҒЫ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚОРЫ - БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІНЕ ОРАЙ НАУҚАС БАЛАЛАРҒА ҮЛКЕН СЫЙ ЖАСАДЫ

2019жылдың маусым айында Асқар Жакулин атындағы қайырымдылық қоры жыл сайын 1- маусым - Балаларды қорғау күніне орай балаларға арналған мекемелерге, соның ішінде балалар ауруханаларына қайырымдылық мақсатта көмек көрсетуді дәстүрге айналдырған. Бұл –  1 маусым Балаларды қорғау күніне орай қайырымдылық қордың «Тамшы мейірім» бағдарламасы бойынша іске асырылатын іс-шарасы.


Биыл қайырымдылық қоры Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасы мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Алматы аймақтық балалар клиникалық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына үлкен сый жасады.

Осы медициналық мекеменің директоры Р.М. Нұрбаев қайырымдылық қорына Алматы облысы Іле ауданы, Өтеген батыр кентінде орналасқан Онкогематологиялық науқас балаларға арналған консультативті-диагностикалық поликлиникасының ойын залын жабдықтап беруді сұрап, өтініш білдірген болатын.

Енді науқас балалар ата-аналарымен бірге дәрігерге кезек күтіп отырған кезде зерігіп, мазасызданып кетпейтін болды. Өйткені Асқар Жакулин атындағы қайырымдылық қоры поликлиниканың дәлізіндегі жаңа ойын алаңын жасап, оны жаңаша жабдықтап берді. 27- сәуірде «Жас қыран» спорт кешенінде өткен «Асқар Жакулин кубогі» шағын-футбол турнирінен түскен 970 мың қаржыға ойын залына арналған жиhаздар, кілемдер, ойыншықтар, теледидар, терезеге карниз сәйкесінше перде ілінді, қабырғаға түрлі бояумен әдемі сурет салынды. Сондай-ақ дәрігерлердің сұрауы бойынша жедел жәрдем бөліміне коляска мен каталка, онкогематологтың кабинетіне  кушетка, таразы сыйға тартылды.

Ойын залының ашылу салтанатына қордың директоры Гүлнар Сейдолла  мен Қордың қамқоршысы Айна Манапқызы арнайы барып ізгі тілектерін білдіріп, әдемі мерекеге ортақтасты. Аурухананың атынан қайырымдылық қорға алғыс хат табыстады. Аурухана қызметкерлерімен бірге сол жердегі балалармен ата-аналардың қуанышында шек болмады.

Естеріңізге сала кетейік, Асқар Жакулин атындағы қайырымдылық қоры бірнеше жылдан бері жыл сайын шағын-футболдан турнир өткізіп тұрады. Қайырымдылық мақсатта ұйымдастырылатын  турнирден түскен қаржы әрбір тиынына дейін  1-маусым - Балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылатын іс-шараға жұмсалады.