Асқар Жакулин атындағы қайырымдылық қоры
Жақсы істің бір бөлігі бол!
+7 (727) 295 58 77 info@aj-charity.kz

"ҚАМҚОР" ЖАҢА ЖОБАСЫ

 

«Қамқор» жаңа жобасы

  Бүкіл әлемге таралып жатқан індет бізге де өз әсерін тигізді. Осындай сын сәтте Асқар Жакулин атындағы Қайырымдылық Қоры жаңа жобаны бастады.

  1-ші сәуірден 24-ші сәуірге дейінгі аралықта атқарылған қорымыздың «Қамқор» атты жаңа жобасы бүгінгі таңда өз мәресіне келіп жетті. 2 млн теңгемен қаржыландырылған жоба, Алматы қаласының барлық аудандарымен қатар, қала сыртында тұрып жатқан 150 көмекке мұқтаж көп балалы отбасыларына азық-түлік түрінде көмек жеткізді. Бірінші қажеттіліктегі азық-түліктерді сатып алу, бір-бір қораптан жинау өз қызметкерлеріміздің ынтасымен жүзеге асырылды. Біз әзірлеген 150 азық-түлік қораптары Алматы қаласының Алмалы ауданының әкімшілігі арқылы 20 отбасына, «Лига Волонтеров» атты қоғамдық ұйымы арқылы 61 отбасына, Алматы қаласының «НұрОтан» партия өкілдері арқылы 24 отбасына , «Ас-Ай» компаниясының жігіттері арқылы 45 отбасына жеткізілді.

  Барша атсалысқан жандарға алғыс айта отырып, қайырымдылық жасауға шақырамыз!

 

                                                                                                                   27.04.2020